Олардың екеуі 1986 жылы туған Тараз қаласының және 1966 жылы туған Меркі ауданының тұрғындары. Екеуі де вахталық негізде Атырау облысының Теңіз кентінде жұмыс істейді. Қалған 3 жағдай Тараз қаласында анықталған. Облыс орталығының 1963, 1984 және 2014 жылдары туған тұрғындары бұған дейін инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болғаны үшін карантинге оқшауланған.
Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілген. Ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шаралары жүргізілген. Науқастармен жақын байланыста болған барлық адамдар карантиндік стационарға оқшауланған. Сонымен қатар, өңірде 24 науқас емделіп, стационардан шығарылды. Олардың барлығы да үй карантинінде медициналық бақылауға алынған.
Жамбыл облысы