Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1850 материал табылды

Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

Еріктілермен бірлескен іс-шаралар жалғасуда

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрімен бекітілген «Волонтерлердің және волонтерлік ұйымдардың ішкі істер органдары өткізетін іс-шараларға қатысуы жөніндегі жол картасын» жүзеге асыру шеңберінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары М. Мұханов пен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті ректорының міндетін атқарушы Е. Нұрмағанбет және qazvolonter.kz бірыңғай платформасына еріктілер болып тіркелген студенттермен кездесу өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

Мақамы мәшһүр Маңғыстау

Жеті қайқы мен белгілі бес жүй­ріктің елі – Маңғыстау ән мен күй, жырда өзіндік ерек­ше­­лігі бар өңір. Өлке өне­рін жи­нақтау, ұрпаққа насихаттау мақ­сатында жеті жыл бұрын Әнуар Бимағамбет, Кенжебек Ая­ғанов, Ақылбек Тас­қара секілді азаматтардың ұйым­дастыруымен «Мақамы мәш­һүр Маңғыстау» атауымен күй­л­ер антологиясы CD-диск тү­­рінде жарық көріп, жинаққа Маң­­ғыстаудың бұрын-соңды бей­­мәлім 45 күйі енген болатын.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2020

«ҚазМұнайГаз» Петропавл ауыр машина жасау зауытымен келісімге қол қойды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Петропавл ауыр машина жасау зауытымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2020

Студенттермен кездесуде жемқорлыққа төзбеушілік жайы айтылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасары О.А.Бектеновтің Маңғыстау облысындағы сапарында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің қызмет барысымен танысып, студент жастармен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Ақпан, 2020

Мұнайлыда биыл үш жеке меншік мектеп ашылады

Биыл Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында 600 орындық, Басқұдықта 300 орындық)және Қызылтөбе ауылында 500 орындық жеке меншік мектептер ашылып, қолданысқа берілмек. Бұл туралы  Маңғыстау облысы «Қоғамдық коммуникация орталығында» болған брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мәлім етті.

Руханият • 22 Ақпан, 2020

Полицейлер аудандарға барып қайырымдылық шарасын өткізді

Тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда, сондай-ақ, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мүмкіндігінше көмек беруге ұмтылатын полицейлер аз қамтылған отбасыларға жиі көмек беруді де естен шығармайды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Руханият • 22 Ақпан, 2020

Маңғыстауда «ANTIKOR ORTALYGY» ашылды

Ақтауда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сервистік «ANTIKOR ORTALYGY» ғимараты ашылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 22 Ақпан, 2020

Болашақ сержанттар әскери тағылымдамадан өтті

Ақтау қаласындағы теңіз жаяу әскерібригадасының базасында Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының 42 курсанты отыз күндік әскери дайындықтан өтті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Ақпан, 2020

Маңғыстауда «Тұрмыс» жедел іс-шарасы өткізілді

Маңғыстау облысында Полиция депеартаментінің құрылымдық бөлініс қызметкерлерімен «Тұрмыс» жедел алдын-алу іс шарасы өткізілді.

Руханият • 22 Ақпан, 2020

«Жас кәсіпкер» бағдарламасымен 200 жас өз кәсібін ашты

Маңғыстау облысында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 700 адам оқыды. Қазіргі таңда 200 жас өз кәсібін ашып үлгерді. Атап айтсақ, Түпқараған ауданы мен Ақтауқаласында 103 адам оқып, соның ішінде 49 жоба жүзеге асты. Бұл Қазақстан Республикасының «Атамекен» ҰКП-ның тікелей мұрындық болуымен сәтті жүзеге асқан жоба, деп хабарлайды аталған палатаның Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.