Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1837 материал табылды

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024

Шекара аумағы өзгерді

Маңғыстау облысының шекарасына енетін аумақтың жалпы ауданы 721,940,2365 гектарды, яғни 722 мың гектарға жуық ауданды құрайды. Құзырлы орындар мамандары бұл учаскенің Қазақстан шекарасына қандай да бір өзгерістер әкелмейтіндігін және еліміздің су қоры жерлерінің санатына жататындығын айтады.

Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2023

Маңғыстау облысының ғалымдарына қандай қолдау көрсетіледі?

20 желтоқсанда ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки жұмыс сапары аясында өңірдегі ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға облыс тұрғындары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, ЖОО профессор-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты.

Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2023

Қайраткерге аудитория ашылды

Кеше Ақтау қаласындағы Yessenov University-де Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжановтың қатысуымен мемлекеттік қызмет саласының ардагері, қоғам қайраткері, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Сақып Бүркітбайұлы Керелбаев атындағы оқу-аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2023

Диспансер қызметіне дем берген...

Әлемдік ахуал солай ма, әлде өңірдің экологиялық жағдайының әсері ме, Маңғыстауда онкологиялық ауру көрсеткіші жыл сайын көбеймесе, азаймай тұр. Мысалы, Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің 2023 жылғы 9 айында аурушаңдылық 100 мың тұрғынға шаққанда 134,5%-ды, 778 пациентті құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың 9 айында 100 мың адамға шаққанда 130,7%, 738 пациент болған еді. Яғни аурушаңдылық 2,9%-ға өскен. Сүт безі обыры – 22,1%, асқазан обыры – 26,5%, жатыр мойны обыры – 23,8 %, колоректальды обыр – 21,8%, өкпе обыры 8,8%-ды құраған. Қатерлі ісік ауруларының негізгі жас аралығы 55-70 жас, оның ішінде әйелдер – 462, ал ерлер – 316.

Жұмыс • 16 Желтоқсан, 2023

Жұмыс орындары ашылады

Ақтауда Тәуелсіздік мерекесі қар­саңында «Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов» кен орны жоба­сының жүзеге асырылу барысы туралы басқосу өтті.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023

Жолаушыларды қуантқан бағыт

Батыста орналасқан қос қаланың жолаушылары пойыз қатынасынан бірсыпыра қиындық көріп келген еді. Атырау және Ақтөбе арқылы тасжолмен сағаттап күтіп пойыз жолдың ретін таппай, қолайсыздыққа тап болатын.

Жастар • 06 Желтоқсан, 2023

Белсенді жастар бастамасы

Өңірде волонтерлер әрдайым белсенді, оларды барлық шаруаның басы-қасынан көруге болады. Облыстың жас­тар саясаты мәсе­ле­лері жөніндегі бас­қар­­ма­сы­ның бөлім басшысы Абылай Фазыл­бек­тің айтуынша, во­лон­терлікті дамыту жө­ніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес волонтерлік қызметті жүйелі дамыту, бастамалар мен жобаларды қолдау және үйлестіру үшін жастар ресурстық орталығы жанынан об­лыстық «Волонтерлер фронт-офисі» және «Волонтерлер корпусы» тобы құрылған. Топтың бөлімшелері өңірдің барлық қала-ауданында жұмыс істейді.

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023

Жаңа автобустар жүйткиді

Маңғыстауда жолаушылар тасымалына арналған 30 заманауи автобус пайдалануға берілді. Ақтау қаласы мен іргелес Мұнайлы ауданы тұрғындарын сапалы және қолайлы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін тағы 90 автобуспен толығады.

Аймақтар • 28 Қараша, 2023

Жаңа мұнай танкерлері келді

Маңғыстаудағы Халықаралық теңіз сауда портында жаңа танкерлердің келуіне байланысты салтанатты іс-шара өтті. Жалпы көлемі 8 мың тонна мұнай құю танкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Abu Dhabi Ports Group (ADP) арасындағы ынтымақтастық шеңберінде сатып алынды.

Аймақтар • 07 Қараша, 2023

«Маңғыстау жастары»: баспаналы болуға қадам

Жастардың баспаналы болуы оңай емес. Осы орайда Маңғыстау облысында мемлекеттік секторда қызмет етіп жүрген жастарды қолдау мақсатында іске қосылған жаңа бағдарламаның маңызы зор.