Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Маңғыстауда жыл басынан бері есірткіге қатысты 136 сайт бұғатталған
Ғаламтор кеңістігін мониторингілеу аясында, есірткі заттарын және оларға ұқсас заттарды жарнамалау және сатумен, оның ішінде жаңа синтетикалық заттарды сатумен айналысатын барлығы 136 интернет сайт анықталып, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл департаментімен бұғатталған.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Биыл Маңғыстауда 3 есірткі притоны анықталды
Биыл облыс бойынша барлығы 394 есірткі-құқықбұзушылығы анықталған. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Алтынбек Қалиев «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында болған брифинг барысында мәлім етті.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Ақтауда 98,1% бүлдіршін балабақшамен қамтылған
2019 жылы бюджеттен 15 млрд 132 млн теңге бөлінді. Оның 79,2%, яғни 11 млрд 986 млн теңге 4 674 педагогтың (2908-мектепте, 103 – жекеменшік мектепте, 1457-балабақашада, 206-қосымша білім беру ұйымында) негізгі жалақы қорына жұмсалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов айтты.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Ақтауда жолаушылар автобусы жаңартылады
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов айтты.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Биыл Ақтауда 17 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі
Қалада жалпы ауданы 438,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша өткен 2018 жылы жалпы сомасы – 1,961 ммлрд теңгені құрайтын 241 өтінім мақұлданған, 2019 жылы жалпы сомасы – 3,784 млрд теңгені құрайтын 421 өтінім мақұлданған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов баяндады.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Маңғыстауда «Адалдық сағаты» өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында айтылған еліміздің өніп-өркендеуінде жастардың алатын орнын ерекше екенін ескере келе, ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік, адалдық, әділдік, парасаттылық және отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде «Адалдық сағаты» шарасы өткізілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Маңғыстауда жыл басынан бері газбен уланудың 3 оқиғасы тіркелді
Маңғыстау облысының аумағында 2019 жылдың басынан тұрмыста тұншықтырғыш газбен уланумен 3 оқиға тіркелді, оның ішінде 5 адам зардап шекті, 1 адам мерт болды. Ал 2018 жылы 3 оқиға тіркеліп, оның ішінде 5 адам зардап шекті және 4 адам мерт болды, олардың 2-і бала. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Мұнайлыда «Медицина жанымызда» акциясы басталды
Маңғыстау өңірінде халық саны бойынша ең үлкен аудан Мұнайлы саналады. Мұнда 160 000 астам адам тұрады. Орталық аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен «Медицина жанымызда» әлеуметтік акциясы бастау алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Маңғыстауда Жастар корпусын дамыту жобасы аясында 321 жоба іске асты
2019 жылы Үйлестіру агенттігі Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Жастар корпусын дамыту жобасын іске асырды. Бұл туралы Үйлестіру агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша үйлестірушісі Г. Қарабалаева хабарлады.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Университетте адалдық саясатына қатысты конференция өтті
Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг универстиетінде «Университетті басқару аясындағы академиялық адалдық саясаты» конференциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.