Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2019
Маңғыстау облысында әскерилердің оқу-жаттығулары ертең аяқталады
Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында ракета әскерлері мен артиллерия бөлімдерінің лагерьлік жиындары аяқталуда. Бір ай ішінде еліміздің батысындағы Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің артиллерияшылары далалық жағдайда шабуылдаушы және қорғаныс ұрыс әрекеттерін пысықтады. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.
Экология • 13 Қыркүйек, 2019
Каспий тазалығына қатысты жоба қолға алынбақ
«Теңізшевройл» компаниясы «Гидробиология және экология институты» және «ЭкоМаңғыстау» ұйымымен бірлесіп Каспий теңізіндегі лақтырылған ауларды жинау бойынша жобаны іске қоспақ. Бұл туралы жоғарыда аталған екі ұйымның директоры Миірғали Баймұқанов пен Кирилл Осин мәлім етті.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Бала құқығына қатысты мәселелер ортаға салынды
Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Балалардың құқығын қорғау» жөніндегі аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шараға аймақтық «Бақытты отбасы» қоғамдық кеңесінің, «Балалардың құқығын қорғау» жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауды талқылады. Бұл туралы Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
І жарты жылдықта «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында сатып алудағы жергілікті үлес 78% құрады
Бұл туралы Машина құрастырушылар форумында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры Есен Қайржан мәлімдеді. Аталған көрсеткіш еліміздің мұнай-газ саласындағы орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Сатып алуда жергілікті үлесті арттыруға ҚМГ компаниялар тобындағы бизнес-үрдістерді жетілдіру бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын сатып алу қызметін санаттық басқару жүйесін енгізу септігін тигізді.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Маңғыстауға жұмыс сапарымен Жапония делегациясы келді
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің Бірінші хатшысы Исибики Юкионы қабылдады.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Маңғыстауда кәсіпкерлерге арналған «Сәттілік марафоны» өтті
Маңғыстау облысында кәсіпкерлерге арналған «Сәттілік марафоны» атты форум өтті. Тәжірибелік тренинг нәтижесінде кәсіпкерлер бизнес-жоспар жасап, өз идеяларын сарапшылардың қолдауымен нақты бизнеске айналдыруға қадам жасады. Сондай-ақ, форум қатысушылары стартапты қалай жылдам ақтауға болатыны жайында, салыққа қатысты барлық мәселелерді және нөлдік бюджетпен маркетингтің қандай құралдарын қолдануға болатыны туралы жан-жақты мағлұмат ала алды.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2019
«Оймаша» оқу полигонында теңіз жаяу әскерлерінің оқу-жаттығулары өтті
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» оқу полигонында танктік, артиллериялық, зениттік, инженерлік және радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау бөлімдерінің қатысуымен теңіз жаяу әскерлерінің тактикалық оқу-жаттығулары өтті. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов хабарлады.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2019
Асарлатса ағайын, қалай үйсіз қалайын?!
Маңғыстау ауданында қазақтың қос қызы – Жанна Аманқұлова мен Бибігүл Жакупова бас-аяғы ай жарымда ауқымды істі атқарып шықты. Ауыл-аймақтағы әрбір үйдің әлеуметтік ахуалын назардан тыс қалдырмаған олар аудан орталығы Шетпе ауылы маңындағы Қосбұлақ ауылынан әлеуметтік жағдайы мәз емес төрт отбасыға асарлата үй салуды қолға алған болатын. «Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей, шілде айында «Әр қазақ – менің жалғызым» ұранымен басталған қайырымдылық акциясы бір мезетте төрт бірдей отбасының баспаналы болуына сеп болды.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2019
Қазақ ұғымында әже – өнеге мен тәрбие мектебі, ұрпақ тәрбиесінің асыл кені, халқымыздың ұлттық болмысының, салт-дәстүр сабақтастығының, қазақы қадір-қасиеті жалғастығының жанашыры.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
Маңғыстауда Сисем ата қорымының мультимедиялық картасы жасалады
Маңғыстауда «Сисем - елдің есігі, Ердің бесігі» атты жалпыхалықтық рухани астың аясында қорымның мультимедиялық картасы жасалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі өлкетанушы Алқажан Еділхан айтты.