Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1846 материал табылды

Қоғам • 27 Мамыр, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 700 жас сарбазы әскери ант қабылдады

Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылындағы әскери бөлімдерге ағымдағы жылдың көктем айларында шақырылған 700 жас сарбазы әскери ант қабылдау рәсімін өтті.

Спорт • 27 Мамыр, 2019

Ақтауда «Ралли Қазақстан - 2019» додасы басталды

27 мамырда Каспий теңізінің жағалауында Халықаралық Автомобиль Федерациясының (FIA) ралли-рейдтен «Ралли Қазақстан 2019» Әлем кубогінің төртінші кезеңі басталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Автомотоспорт Федерациясының баспасөз агенттігі хабарлады.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2019

Әскери қызметшілер қарттар үйін қамқорлыққа алды

Атырау гарнизонының әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік даярлықтарын арттырып қана қоймай, сонымен бірге, қамқорлыққа мұқтаж жандарға уақыт бөлуге үлгереді.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Ақтауда бейнебақылау камералары көбейеді

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бастығының ПИК төрағаларымен және жеке күзет ұйымдарының өкілдерімен кездесуінде айтылды.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Маңғыстауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес бірқатар мәселелер қаралды. Яғни, мемлекеттік сатып алу саласында бюджеттен бөлінген қаржының уақытылы, тиімді және нысаналы мақсатына сай игерілуін қамтамасыз ету, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысын салуға, күтіп ұстауға және жөндеуге бөлінген қаржылардың уақытылы, тиімді және нысаналы мақсатына сай игерілуін бақылау, жер телімдерін заңсыз иемдену фактілері мәселелері бойынша басқарма басшылары баяндама жасады.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Бүкіләлемдік банк өкілдері Маңғыстау соттарының жұмысымен танысты

Вашингтонның Бүкіләлемдік банкінің өкілдері Валид Малик және Клара Магани Ақтау қалалық және Ақтау қаласының №2 сотының жұмыстарымен танысты. Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұртай Алмашов, аталған соттардың төрағалары мен судьялары шетелдік қонақтармен кездесіп, сот жүйесіндегі реформалар мен әлемдік сот төрелігі туралы әңгімелесті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS аккредитациясын алды

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Мектептер кеңесінің (CIS) аккредиттелуінен өтті деп хабарлайды оқу орнының баспасөз хатшысы.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Дәрі-дәрмектер тек дәрігердің нұсқаулығымен ғана сатылу керек

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Айнагүл Жүнісбекова мәлімдеді.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

«Батыс» ӨңҚ «Әскери Альпиниада-2019» сайысына дайындалуда

«Батыс» ӨңҚ үздік әскери бөлімшелері Бас штабы бастығының кубогына өтетін «Әскери Альпиниада – 2019» сайысына дайындықтан өтуде. Бұл жарыс ҚР Қарулы Күштерінің таулы (альпілік) бөлімшелері арасында өткізілуде.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Қаламқас кенорнындағы №8237 ұңғымасы жанынан грифон пайда болды

2019 жылдың 22 мамырында сағат 18.20 шамасында Қаламқас кенорнында орналасқан №8237 ұңғымасы аумағында биіктігі 40-50 сантиметр су-газ қоспасының атқылауы (грифон) пайда болды. Сондай ақ, №8237 ұңғыма сағасында қысымның 4 атмосфераға дейін жоғарылауы байқалды. Жүргізілген арнайы шаралардан кейін құбыр ішіндегі қысым 2,2 атмосфераға дейін төмендеді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.