Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1888 материал табылды

Аймақтар • 30 Мамыр, 2019

Маңғыстауда жылыжайлар санын арттыру жоспарланып отыр

Маңғыстау облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл аймақтағы ауылшаруашылық саласы бойынша баяндады. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша жалпы өнім көлемі – 16,6 млрд теңгені (оның ішінде мал шаруашылығы – 12,9 млрд тг, егін шаруашылығы – 2,9 млрд тг) нақты көлем индексі 104,4% құраған.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2019

Маңғыстауда агроөнеркәсіптің дамуы бойынша кеңейтілген отырыс өтті

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов өз сөзінде «Ауыл шаруашылық секторын дамыту ел үкіметінің алдымызға қойған негізгі тапсырмаларының бірі. Кезінде бабаларымыздың ата кәсібі болған егін және мал шаруашылығын жақсылап қолға алсақ, киелі Маңғыстау жерінде де мүмкіндік мол. Сондықтан бұл саланы дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс» деді.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2019

«Ралли Қазақстан 2019»: көшбасшы өзгерген жоқ

FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының «Ралли Қазақстан 2019» ралли-рейдтер бойынша Әлем Кубогы кезеңінің үшінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Бұл туралы Автомотоспорт агенттігі баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 29 Мамыр, 2019

Елордада Серікбол Қондыбай мұралары таныстырылды

Нұр-Сұлтан қаласында Маңғыстау облысының әкімдігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастырыуымен «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2019

Тәженге дейінгі жол құрылысы күзде аяқталады

Бейнеуден бастап Тәженге дейін салынып жатқан автомобиль жолының құрылыс жұмыстарын мердігер компания басшыларының айтуынша, қыркүйек айына дейін толық аяқтап, тапсырмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Е.Тоғжановтың Бейнеу ауданына сапары барысында айтылды. Егер жол пайдалануға берілсе, ауыл халқына да мол мүмкіндік тіршіліктің жаңа бағыты пайда болады.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2019

Бейнеуде үш жаңа нысан пайдалануға берілді

Бірі - 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бір кезеңде 600 адамға дейін қабылдай алатын спорт кешенінде футбол, волейбол, үстел теннисі, баскетбол ойнайтын алаңдар мен күрес залы және тренажер залы бар.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2019

Маңғыстаудағы автоаламан

Әртүрлі маркадағы автокөліктер жарысы және оның руліндегі «шабан­доз­дардың» шеберлігін маңғыстаулықтар бұрын тек теледидар арқылы тамашалайтын болса, қызықты спорт додасы қазір өңір тұрғындарының өз арасына келді. Маңғыстау даласының табиғи ерекшелігі туристік әлеуетті арттыруға соншалықты қызғылықты десек, мұның бір дәлелі – соңғы жылдары тұрақты түрде авторалли жарысының аймақта өтуі болмақ.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2019

«Ралли Қазақстан-2019»: екінші күні де Әл-Аттия алдыңғы орында келеді

FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының «Ралли Қазақстан 2019» ралли-рейдтер бойынша Әлем Кубогы кезеңінің екінші жарыс күні катарлық автошабандоз Нассер Салех Әл-Аттияның жеңісімен аяқталды. Мәре сызығын екінші болып голландиялық Бернхард Тен Бринке кесті, үздік үштікті Якуб Пшигонски түйіндесе, төртінші орынға француз Стефан Петерансельдің экипажы жайғасты. Екінші учаскенің қашықтығы 414 километрді құрады, бұл кезең «Ралли Қазақстан 2019» жарысының ең қашық раунды болып табылады.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2019

Маңғыстауда қоғамдық қауіпсіздікке қатысты жиын өтті

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжановтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікке байланысты өткен жиында жол қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге байланысты жергілікті полиция қызметінің жұмыстары талқыланып, жедел іздестіру қызметі, қылмыстарды ашу және заңсыз есірткі айналымының жолын кесу, тергеу мен анықтау қызметінің сапасын көтеру мәселелері жан-жақты қаралды.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2019

«Ралли Қазақстан 2019»: алғашқы күні катарлық Әл-Аттия көш бастады

Маңғыстау даласында өтіп жатқан FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының «Ралли Қазақстан 2019» ралли-рейдінің бірінші күні аяқталды. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша ең үздік уақытты катарлық Нассер Салех Аль-Аттия көрсетті, өткен жылғы қазақстандық кезеңнің жеңімпазы Сауд Арабиясының автошабандозы Язид Аль-Раджи екінші нәтижеге қол жеткізсе, польшалық экипаждың шабандозы Якуб Пшигонски үздік үштікті тәмамдады. «Ралли Қазақстан 2019» алғашқы учаскесінің қашықтығы 280 шақырымды құрады. Бұл туралы Автомотоспорт федерациясы баспасөз қызметі хабарлады.