Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
Қаңғыбас иттер де қорғалатын болды
Өткен жылдың соңында әлем жұрты жағасын ұстады. Француз актрисасы, танымал табиғат қорғаушысы Брижит Бардо халықаралық қоры Қазақстанның батыс өңірінде қаңғыбас иттерді тірілей өртейтінін айтып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
Батыс Қазақстан облысында 2019 жылы негізгі 7 әлеуметтік-экономикалық бағытта өсу байқалған.
Абай • 20 Ақпан, 2020
Оралда ең үлкен даңғылдың бірі Абай есімін иеленеді
Орал қаласындағы ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және пысықтау жөніндегі жұмыс тобы Орал қаласындағы ең үлкен даңғылдың бірін Абай есімімен атау туралы бірауыздан келісімге келді.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2020
Биыл БҚО-да 1710 пәтер беріледі
Батыс Қазақстан облысында 26 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Мұның ішінде көпбалалы 1700 отбасы бар.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2020
Барбастау-Индер жолының 50 шақырымы жөнделеді
Биыл Батыс Қазақстан облысында Бөкейорда жолының 100 шақырымы жөнделеді, Жайықтың сол жағалауындағы Барбастау-Индер бағытындағы жолдың 50 шақырымы қайта салынып, Орал-Атырау тас жолын кеңейту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалады. Бұл туралы өңір басшысы Ғали Есқалиев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2020
Көктемгі су тасқынына дайындық – жергілікті билік пен төтеншеліктердің жылдағы дағдысы. 2020 жылдың көктемін зардапсыз өткізу үшін жақында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысын өткізді.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2020
Оралдық еріктілер балыққа ауа сыйлады
Бүгін Орал қаласы маңындағы Шаған өзенінің бір саласында еріктілер суды оттегімен байыту үшін мұз ойып, балықты құтқару шарасын жасады. Еріктілер қатарында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетіндегі әріптестеріміз де бар.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2020
Көше жарнамасына көңіл бөлінеді
Батыс Қазақстан облысында көшедегі көрнекі жазбалар мен жарнамалар мәтінінің сауаттылығына ерекше мән беріледі. Өткен жылдың соңында өңірдегі тілдерді дамыту басқармасы облыстық кәсіпкерлер палатасымен меморандум жасап, облыстық әкімдікпен бірге іс-шаралар жоспарын бекітті.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2020
Орал қаласының бұрын «Ет комбинаты» деп аталған шеткері аумағында қалалық кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана-филиалы және «Арай» комьюнити орталығы жаңа ғимаратқа ие болды. Келушілерге сан түрлі мәдени қызмет көрсететін ерекше орталықтың ашылуына Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков арнайы келді.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2020
Орал театрында поляк драматургінің шығармасы сахналанды
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры поляк драматургы Славомир Мрожектің «Мен» (Шекарадағы үй) атты қойылымын сахналады. Туындыны орыс тілінен аударған – мәдениет саласының ардагері Құжырғали Төлеуішов.