Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1597 материал табылды

Қоғам • 14 Наурыз, 2023

Суға толған жертөлелер

Дүйсенбіге қараған түн Орал қаласының Зашаған кенті тұрғындары үшін үрейлі болды. Сарытау шағын ауданында жиналған қар суы арыққа сыймай ағып, Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің жертөлесіне құйылған.

Тұлға • 12 Наурыз, 2023

Мұқым ел мақтаған Мұқас

Нағыз еңбек адамы қай заманда да қадірлі ғой. Батыс Қазақстан облы­сының Ақжайық ауданында абыройын адал еңбектен тапқан, айналасына үлгі болған аға ұрпақ өкілдерін ұмытпай, ұлықтап отыратын жақсы дәстүр бар.

Аймақтар • 12 Наурыз, 2023

Қарғын су әбігерге салды

Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері күн күрт жылынып, еріген қар суы елді дүрліктіріп жатыр. Өңірдегі бірнеше өзенде су деңгейі көтеріліп, арнасына толған. Орал қаласында 8 үйге су кіріп, бірнеше ғимараттың жертөлесін кәріз бен қар суы басты.

Қазақстан • 10 Наурыз, 2023

Керік мазары

Батыс Қазақстан облысындағы Тайпақ өңірінде бойына тылсым сыр бүккен тарихи жәдігер көп-ақ. Соның бірі – Базаршолан ауылының байырғы Дүйінбай жайлауындағы Керік мазары.

Тарих • 08 Наурыз, 2023

Пай, пай, паровоз... Қазақтан шыққан тұңғыш машинист қыз туралы не білеміз?

Қазақстан темір жолы тарихына арналған мақалаларда қазақтан шыққан тұңғыш машинист қыз Зылиха Темірешеваның есімі бір сөйлеммен ғана айтылып қалады. Орал қаласындағы темір жол тарихына арналған әдемі музейде де бұл адам туралы мәлімет, фотосурет жоқ екен.

Мектеп • 06 Наурыз, 2023

Ұлттық киімді ұлықтаған мектеп

Орал қаласындағы Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы №30 мектеп оқушылары мен ұстаздары наурыз айы туғалы жаппай ұлттық киім киюге көшті.

Сайлау • 06 Наурыз, 2023

Сайлауға дайындық – жіті назарда

Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлауды әзірлеу мен өткізу шеңберінде өңірлерге инспекциялық сапарлары жалғасып келеді. Жақында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров Батыс Қазақстан облысында болды.

Өнер • 02 Наурыз, 2023

Қардан тұрғызылған полиция көлігі

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев кәдімгі қардан полицияның патрулдік көлігін тұрғызып, ауылдастарын таң-тамаша етті.

Халық • 28 Ақпан, 2023

Ерекше үйдің ерекше тұрғындары

Өткен жазда Орал қаласында «Өз бетінше тұруды сүйемелдеу үйі» деп аталатын ерекше кешен ашылған еді. Мұндай орталық бүкіл Қазақстан бойынша Алматыда ғана бар екен. Алғыс айту күні қарсаңында ерекше кешеннің ерекше тұрғындарымен кездесіп, олардың жүзіндегі шынайы қуанышты көрдік...

Аймақтар • 22 Ақпан, 2023

2,5 мыңнан астам көлік заңдастырылды

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдік автокөліктерді заңдастырып, қайта тіркеу науқаны сәл саябырлады.

Яндекс.Метрика