Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1712 материал табылды

Әлем • 12 Сәуір, 2020

Какао плантацияларында 2 миллионнан астам бала жұмысқа жегілген

Соңғы онжылдықта балалар еңбегін қанау көрсеткіштері артқан. Оған дәлел ретінде әлемдегі ең ірі какао тасымалдаушысы болып табылатын Африкадағы  Кот-д'Ивуар және Гана палнтацияларындағы жағдайды негізге алуға болады. Reuters АҚШ-тың Еңбек министрлігі қаржыландырып отырған баяндама негізіндегі мәліметтерге сүйене отырып,  өткен маусымда Батыс Африка елдеріндегі плантацияларда 2 миллионнан астам баланың жұмысқа жегілгендігін алға тартады.  

Қаржы • 12 Сәуір, 2020

42 500 теңгені алуға берген өтінішті қалай тексеруге болады?

Президенттің Цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Мусин Instagram парақшасында өтінішті 42500.enbek.kz сайты арқылы тексеруге болатындығын хабарлады.

Коронавирус • 11 Сәуір, 2020

Қытай ғалымдары: Коронавирустан қан плазмасы емдейді

Қытай ғалымдары корнавируспен ауырғандарға қан плазмасын құюдың жақсы нәтиже көрсеткенін жария етті. Олар Уханьның үш ауруханасында тыныс алуы қиындап, ауыр халде жатқан орта жастағы он науқасқа донорлық қан плазмасы құйылғандығын айтады. Донор қаны вируспен ауырғаннан кейінгі үшінші апта және ауруханадан шыққан төртінші күн ішінде алынған.

Коронавирус • 11 Сәуір, 2020

Ресей ғалымдары пандемияның аяқталу кезеңін атады

Пандемияның аяқталып, адамзаттың қалыпты өмір сүру жағдайына оралу кезеңіне  байланысты ресейлік сарапшылар өз болжамдарымен бөлісті. Карантиннің жылдам аяқталып, пандемияның төмендеуіне алаңдап отырған жұртшылық үшін мұндай болжамдардың қай-қайсысы болса да маңызды. Ресей ФМБА бас инфекционисі В.Никифоров жағдайдың қалыпқа түсуі үшін әлі де екі ай мерзім керектігін айтады, деп хабарлайды Woman.ru.

Әлем • 11 Сәуір, 2020

Өзбекстан дәрігерлері коронавирусты жаңа әдіспен емдейтін болады

Соңғы мәліметтер бойынша Өзбекстанда ауыр халде жатқандардың саны – 14. Жағдайы ауыр науқастарды емдеу үшін Өзбекстан таяу күндерде жаңа әдістерді қолдануға шешім қабылдап отыр.

Қоғам • 11 Сәуір, 2020

Ғалымдар күмістің бактерияларды жоятын қасиетін зерттеді

Ғасырлар бойғы зерттеулерге сүйене отырып, ғалымдардың бір тобы күміс бактерияны жоя ма деген сұрақтың жауабы әлі күнге жұмбақ күйінде қалып отырғандығын айтады. Осы бағытта жұмыс істеген зерттеушілер бұл жолы күмістің микробтарға қарсы тұратын зерттеу нәтижесін жария етті.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Бейнелеу өнерінен онлайн-семинар өтті

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Қазақ халқының дәстүрлі өнері негізінде болашақ суретші-педагог мамандардың көркемдік дүниетанымын дамыту» тақырыбында «Көркем білім беру» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов, доцент Шолпан Ақбаева, оқытушы Базар Ырыстанұлы онлайн-семинар өткізді.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

ҚазҰПУ-да жаратылыстану-ғылыми пәндерін цифрлық оқыту мәселесі талқыланды

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен әрі ресейлік әріптестердің қатысуымен «Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша цифрлық оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар өтті.

Технология • 10 Сәуір, 2020

HUAWEI CLOUD: COVID-19 - технология арқылы күрес

Жақында HUAWEI CLOUD бүкіл әлемдегі тұтынушыларына бұлтты және AI (жасанды интеллект) қызметтерін қолдану арқылы COVID-19-бен күресуге ықпал ететін  ғаламдық іс-қимыл жоспарын іске қосқаны туралы хабарлады.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Екі жүз әлеуметтік блок мамандары онлайн қызмет көрсетеді

Азаматтарға арналған үкіметтің осы күндері  халыққа онлайн қызмет көрсетіп отырған тағы бір тобы – 3 мыңға жуық әлеуметтік блок мамандары. Олардың ішінде Алматы қаласы филиалының 200 қызметкері бар.