Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1712 материал табылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Отбасы құндылығының қайнарын қайдан іздейміз?

Соңғы жылдарда некенің жиі бұзылуы, бала тағдырының тәлкекке айналуы қоғамдағы өзекті мәселенің біріне айналды. Шаңырағы шайқалған орталарда балалар құқығын таптау,  отбасы құндылықтарын құрметтемеу сынды кереғар әдеттердің қоғам санасына дендеп бара жатқандығы алаңдатады. Отбасы ғана емес, бүтіндей бір елдің қасіретіндей көкейкесті мәселемен күресіп, оның алдын алу мақсатында еліміздің 8 аймағында 11 орталық ашылып, «Бақытты отбасы» пилотты жобасы жүзеге аса бастады.  Отбасын қолдау ресурстық орталығында психолог мамандармен қатар, заңгер, әлеуметтік қызметкерлер тегін кеңестер беріп, шаңырақтардың шайқалмауына ықпал етуде.

Руханият • 21 Тамыз, 2019

Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған сайт ашылды

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, үш мәрте Социалистік Еңбек ері, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың өмірден өткеніне биыл 26 жыл толып отыр. Осы жылдарда қазақтың біртуар азаматының ерен еңбегін, елге еткен қызметін дәріптеп, болашаққа жеткізуде Қонаев атындағы Халықаралық қор жұмыс істеп келеді.  Қырық жылдан астам өмірін басшылық қызметке арнаған тұлғаның  жүріп өткен жолы бүгінде жас ұрпаққа өнеге. Осылайша тұлға есімін дәріптеуді мақсат ете отырып жақындары Қазақстан баспасөз клубында www.kunayev.kz сайтының таныстырылымын өткізді.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына өтініштер қабылдануда

«Бюджетке қатысу» қанатқақты жобасына өтініштерді қабылдау OpenAlmaty порталы арқылы 19 тамыздан бастап іске қосылды.  Өтініштерді қабылдау мерзімі 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптау комиссиясы іріктеп, 20-29 қыркүйек аралығында тұрғындардың дауыс беруі өтеді, онда жеңімпаз жобалар анықталады. Жобаға ұсыныстарды беру тәртібі мен іріктеу критерийлері, сараптау комиссияларының функциялары туралы толық ақпаратты OpenAlmaty қалалық порталында «2019-2020 жылдарға арналған Алматы қаласының «Бюджетке қатысу»  қанатқақты жобасын ұйымдастыру бөлімінен қарап, танысуға болады.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Руханият ордасы кітап оқу мен өнерге баулиды

Алматы қаласындағы руханият ордасы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты  Сапарғали  Бегалин атындағы  Орталық қалалық балалар кітапханасы ХІХ ғасырдың соңында салынған  тарихи-архитектуралық ескерткіштер санатында.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

«Адамның хикмет кеудесі» халықаралық өнер фестивалі өтті

Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Абай оқулары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда. Жақында Алматыдағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №4 кітапхана бөлімшесі  және Әлем Халықтары Жазушылар одағының бірлесуімен қазақ руханиятының көрнекті өкілі, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевқа арналған «Адамның хикмет кеудесі» Халықаралық Өнер фестивалі өтті.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Алматыда білім жүйесі қызметкерлерінің форумы өтті

Бүгін Алматыда Білім жүйесі қызметкерлерінің  форумы өтіп, онда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мұғалімнің мәртебесін көтеру және оларға қолдау көрсету шаралары туралы айтты.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Әкеден дарыған ата кәсіп

Туған өлкенің тау-тасында ат құлағында ойнап өскен Еркебұлан үшін шығармашылық ойдың еркіндігі аса маңызды.  Алматы облысының Тасашы баурайында балалық шағын өткерген ол шеберліктің әкесінен дарығанын айтады. «Әкем Советбектің ісмерлігіне ауыл тәнті болатын. Тұрмыстық бұйымдарды жасатуға келгендердің меселін қайтармай, әңгімесін ширата отырып, кәдеге асатын дүниелерді жарқырата жасағанына қызығып, шағын шеберхананы айналсоқтап жүруші едім»,- дейді Еркебұлан.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2019

«Бақытты отбасы» орталығы аналарға шағын кәсіп бастауға қолдау көрсетеді

Алматы қаласында  таяуда ашылған «Бақытты отбасы» орталығының қызметіне  ендігі кезекте көп балалы аналар ғана емес ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жалғыз басты аналар мен әкелер де әлеуметтік мәселелері бойынша жүгіне алады. Орталық менеджері Жұмагүл Тәжібаеваның айтуынша, қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында жұмысы жандана бастаған орталықтың мақсаты салауатты ортаны қалыптастыра отырып, қоғам назарынан тыс қалған, көмекке зәру жандарға барынша көмек қолын ұсыну. Орталық жекелеген азаматтардың қала тіркемесінің болу-болмауына қарамастан тиісті кеңестер, қажетті мамандықтан игеруге, жеке кәсібін ашуға мүмкіндік береді. Орталыққа келгендер арнайы сауалнама толтырып, әлеуметтік қызметкерден, психологтың, заңгердің кеңесіне жүгіне алады.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2019

«Көк-төбе Opera - 2018» музыка фестивалі өтеді

Операның талғампаз тыңдармандары үшін оңтүстік астананың маңызды мәдени шараларының біріне айналып үлгерген «Көк-Төбе Opera - 2019» фестивалімен биыл 4-ші рет өтеді.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Селдің қаупі сейілді

Алматының Наурызбай ауданындағы Таусамалы, Қарағайлы елді мекендері арқылы өтетін арнадағы судың тасқыны тұрғындарды біраз әуре-сарсаңға салып, дүрбелең туғызды. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі сел жүру қаупін бұдан бұрын анықтағандықтан бұл аумақтарда қауіпсіздік шараларын күшейтіп,  эквакуациялық пункттер жасақталды. Ауданда газ, жарық жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды.