Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1798 материал табылды

Әдебиет • 27 Тамыз, 2019

Ұлттық кітапхана мұрасы ежелгі Грекияда

Грекияда Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгрес өтіп жатыр. Осы шара барысында Алматыдағы Ұлттық кітапхана директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымы Бақытжамал Оспанова  ИФЛА Бас хатшысы Джеральд Ляйтнер және Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің халықаралық        федерациясы (ИФЛА) президенті Глория Перес-Сальмеронмен кездесті.

Руханият • 27 Тамыз, 2019

Қырық мәрте басылған кітап

Руханиятымыздың қара шаңырағы жүз жылдық тарихы бар Ұлттық кітапханадағы жер асты мұрағатының ғасырлық тарихы бар. 1946-1990 жылдардағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында ғасырлар қойнауынан жеткен басылымдар сақталған.

Руханият • 27 Тамыз, 2019

Алматыда «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» көрмесі ұйымдастырылды

«Қазақстан кітаптары» оқу залында қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевқа арналған «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қоғам • 27 Тамыз, 2019

Батыр қыздың биігі

Санаулы күн бұрын қазақ­стандық белгілі триатлоншы Әнел Сытдықова Ла-Манш бұғазын бағындырып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын желбіретті. Батыр қыздың Францияның солтүстігі мен Британия аралдарының оң­түстік-шығысын жалғап жат­қан Ла-Манш бұғазының 38 шақырымдық аралығын 15 сағат 15 минут уақыт ішінде гидрокостюм кимей жүзіп өтуі – әлемдік деңгейдегі сенсация.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Қазақстан тарихының энциклопедиясы жарыққа шықты

«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ҚР Президент әкімшілігінің, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен Ш.Уәлиханов  атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы Қазақстан тарихы энциклопедиясының І томын жарыққа шығарды. Жобаны орындаушы топ осынау құнды басылымды шығаруда ҚР ҰҒА, Халықаралық Түркі академиясы мен Отырар кітапханасы, сондай-ақ гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары мен ұлттық университеттерінің қолдауы зор екендігін айтады.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматыда азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

Алматы әкімдігінің Баспасөз қызметінің деректері бойынша,  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары және күзгі-қысқы кезеңде Тұрақтандыру қорын жасақтау шаралары қарастырылған.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Айкүне – дала жаттығуы

Тәні саудың – дені сау. Қазіргі кезде дене, тән күтіміне қолдау беретін орталықтармен қатар, арнайы бағдарламалар да жеткілікті. Осы тұрғыда Рожа Бекжанова жетекшілік ететін «Айкүне» орталығы Алматы қаласы тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында қазақ халқының жаттығуы негізінде қызмет етіп келеді. Жақында орталықтан «Бақытты отбасы» орталығында тіркелген көп балалы бірнеше отбасы арнайы ем-дом қабылдап, жаттығудың әліппесін игерді.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасының аясында екінші толқыны оқытылуда

«Жас кәсіпкер» жобасының қатысушыларына әлеуметтік желілердің, бизнестің алдында ашатын мүмкіндіктер туралы Facebook және Instagram, SMM-практиктер жөніндегі сарапшы, практикалық интернет-маркетинг мектебінің бас директоры Майгүл Бүргебаева шеберлік дәрісін өткізіп, оған Бостандық, Әуезов және Алмалы аудандарынан 150-ге жуық тыңдаушы қатысты. Тыңдаушылар SMM аясында «Facebook және Instagram арқылы өз тауарлары мен қызметтерін қалай ұсыну керек» тақырыбы аясында көптеген танымдық ақпараттармен алмасып, заманауи кеңістіктің мүмкіндіктерін игерді.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматыда егіздер шеруі өтті

Алматыда Орталық саябақта егіздер шеруі өтті. Жүз елуден астам егіздер жиналған мереке балалар ғана емес, егіздер тәрбиелеп отырған отбасылар үшін ерекше күнге айналды.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматыда жоғары сынып оқушылары өз жолын таңдады

«Өз жолыңды тап» -  «Find Your Way» деген атаумен Алматыда жоғары сынып оқушылары, колледждер мен бірінше курс студенттерінің студенттік өмірін барынша тиімді әрі қызықты өткізулеріне ықпал етуді мақсат ететін іс-шара өтті. Бұл шараға 15-18 жас аралығындағы 200 адам қатысып, оннан астам сарапшы олармен жеке және кәсіби өсудің құпияларымен бөлісті.