Қоғам • 05 Ақпан, 2021
Алик Шпекбаев Алматы қаласының белсенді қоғам өкілдерімен кездесті
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қаланың қоғам белсенділерімен ашық диалог өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Ақпан, 2021
Математика курсы бойынша жаңа оқу құралы әзірленді
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ мамандары мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда мұғалімге көмекші оқу құралы ретінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін тапсырмалар жинағын әзірледі.
Руханият • 05 Ақпан, 2021
«Өрлеуде» кітапханашылар курсы ұйымдастырылды
Осы жылдың 01–11 ақпаны аралығында институтта қала мектептері кітапханашыларының сұранысына орай кітапханашылар курсы ұйымдастырылып отыр.
Қоғам • 05 Ақпан, 2021
БҰҰ назарында – қоршаған ортаға қамқорлық
Әлемді пандемия жайлаған тұста биоалуандылықты сақтау мен оның адамзаттың экономикалық дамуы мен саулығының өзара байланысы жайындағы мәселелер бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Сарапшылар атап өткендей, БҰҰ бастамасы шеңберінде елімізде жүзеге асқан шараларға қарамастан, қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер әлі де жүйелікті, жан-жақты амалдарды қарастыруды қажет етеді.
Қоғам • 05 Ақпан, 2021
Зейнетақы жинақтарын жеке компаниялар басқара ма?
Елімізде зейнетақы жүйесін жаңғыртуды ашық жүргізу мен салымдарды тиімді басқарудың тетіктері үнемі айтылып келеді. Жақында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің инвестициялық портфельді басқару қағидаларын дайындауы саланы жетілдіруге бастаған маңызды қадамдардың бірі болса игі деген ойға жетелейді. Ереже осы жылдан бастап, қазақстандықтардың зейнетақы активтерін жеке компаниялардың басқаруына байланысты қадамдарын айқындауы тиіс.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2021
Мектептерде оқушылар орындары санын ұлғайту барысы қалай орындалуда?
Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, биылғы жылға арналған негізгі жоспарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2021
Алматыда 7 мың жасөспірімді әскери есепке қою жоспарлануда
Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдары 2004 жылы туған ер азаматтар әскерге шақырылады. Бұл туралы Алматы ӨКҚ онлайн брифингінде Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары Фархат Құрманғажинов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 04 Ақпан, 2021
Іргелі ғылымды дамытудың келешегі зор
Жуырда Білім және ғылым министрлігінің жалпы отырысында министр Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарының ғылымды дамытудағы үлесі, нәтижесі хақында мәселе қозғады. Бүгінде ғылыми-зерттеу саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген жастар жетерлік.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2021
Алматыда мамандарды даярлауда бірыңғай цифрлық платформа іске қосылады
Мамандарды даярлау бойынша жоғары оқу орындары, колледждер мен технологиялық кәсіпорындар бір цифрлық платформаға бірігіп, Алматы бірыңғай цифрлық білім беру орталығына айналады. Нәтижесінде таланттардың салалық бағытта дамуына жағдай жасалады.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2021
«I teach in English» жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2018 жылдан бастап «I teach in English» жобасы жүзеге асып жатыр, деп жазады Egemen.kz