Білім • 08 Қазан, 2020
Алматы оқушылары компьютермен толық қамтамасыз етілген
Алматы қаласы білім басқарма басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қаладағы қазіргі білім беру саласындағы ахуалға байланысты, қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
87-ші театр маусымы "Ұлы Абайға тағзыммен" басталады
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұзақ үзілістен кейін 8 қазанда алматылықтар мен қала қонақтарына өз есігін айқара ашады. 87-ші театр маусымы "Ұлы Абайға тағзым!" концертімен ашылатын болады.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Ержан Бабақұмаров мектеп директорларымен кеңес өткізді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала мектептерінің директорларымен балалардың денсаулығын қорғау және қашықтан оқыту сапасы мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Сұхбат • 06 Қазан, 2020
Тұңғышбай Жаманқұлов: Өнер – білектің емес, жүректің ісі
– Тұңғышбай аға, өнерде жүргеніңізге елу жылдай болыпты. Осы жылдарда ұлттық театрымыз бен киномызға бір кісідей еңбегіңіз сіңді. Абылай хан, Әбілхайыр, Қайырхан, Жәнібек хан, Махамбет, Құнанбай сияқты қазақ тарихында ерекше орны бар тұлғалар образын сомдап, көрерменнің ықыласына бөлендіңіз. Өз пайымыңыз бойынша, еліңізге қандай еңбек сіңірдім деп білесіз? Жалпы елге еңбек ету ұғымын қалай түсіндірген болар едіңіз?
Сұхбат • 05 Қазан, 2020
София Молдағалиева: «Жұбан қазақты жырласа, халқы бүгінде Жұбанды жырлайды»
«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.Жөргегімде таныстым мұң тіліменЖылағанда жүрегім, күн тұтылып,Қуанғанда күлкімнен түн түрілген» деген өлең жолдарын оқымаған қазақ кемде-кем. Жұбандай өр ақынның өршіл де, ұлтжанды өлеңі қай-қайсымыздың болмасын жүрегімізде намыс отын жағып, ел мен жерге деген сүйіспеншілігімізді арттыра түсетіні хақ. Ашаршылық пен жоқшылықтың азабын тартқан, жетімдікті көріп, сұрапыл соғысты басынан өткерген майдангер-қаламгер өзі өмір сүрген кезеңнің әділетсіздігін шығармасына арқау етті. Бүгінде Жамбыл көшесіндегі 147-үй, 9-шы пәтер ақын мұрасының ұясына айналған. Өзі көзі тірісінде жинаған кітап қорының бір парасы сақталған шаңырақта ақынның жары София Молдағалиева қаламгер аманаттап кеткен асыл мұрасын көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа естеліктерімен бөлісіп отыруды өмірінің бір бөлшегіне айналдырған. Жақында Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Орал өңірінде өткен кездесуден оралған София Мәлікқызымен ақын шығармашылығы жайында әңгімелескен едік.
Білім • 04 Қазан, 2020
"Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар" жобасы бастау алды
Оқу жылының алғашқы күнінде "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — "Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар" жаңа жоба бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 02 Қазан, 2020
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абай сөзі бүгінде өз кәсібіне берілген, ұрпақ тәрбиесіне ұқыптылықпен қарай білетін ұстаздар қауымына қарата айтылса керек-ті. Отыз жылдан аса еңбек жолында жаңашыл педагог мәртебесін иеленген тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Гүлмира Асанбекова туралы сөз қозғағанда, оның тәжірибесі республика көлемінде үздіктер қатарында екеніне көз жеткізесіз.
Руханият • 02 Қазан, 2020
Алтын Орда өркениеті: әдеби мұра және дәстүр жалғастығы
Ұлы Дала төсінде өркендеген Алтын Орда өркениетінің адамзат тарихындағы орны, түркі халықтарының тілі мен дініндегі, әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызы, сондай-ақ кейінгі дәуірлерде тарих сахнасында бой көрсеткен хандықтар, әмірліктерге тигізген ықпалы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Алтын Орда өркениеті: әдеби мұра және дәстүр жалғастығы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми онлайн конференцияға арқау болды.
Сұхбат • 02 Қазан, 2020
Жәркен Бөдеш: Атажұртын аңсаған ағайынның сағынышын жырладым
Редакцияның тапсырмасымен Жәркен ағаны үйіне іздеп бардық. Ақын биылғы жылы Алматы қалалық әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен жарыққа шыққан екі томдық «Санадағы сарын» өлеңдер жинағын таныстырып, емен-жарқын әңгімесін бастады. Елеп-екшеп, бұрын-соңды шыққаны бар, сондай-ақ жаңа өлеңдері енген кітаптың сүйінші данасын салалы саусақтарымен парақтай отырып, «Бұл менің арманымның орындалғаны», деді. Жастық шағынан ақындықтың ат жалын ерттеп мінген Жәркен ақын замандасы Темірхан Медетбек ағамыз айтқандай, «Қырық қыры бар ақын». Қаламдастары «Жайырдың жалғызы» деп атап кеткен Жәркен Бөдештің Тарбағатай асқан жырлары бүгінде туған жерді аңсаған барша қазақтың үнжариясына айналған.
Қоғам • 01 Қазан, 2020
Әскери қызметшілер қарттардың мерзімді басылымдарға жазылуына демеуші болды
Халықаралық қарттар күніне орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері демеуші болып қарттарды республикалық және өңірлік мерзімді басылымдарға жазуды ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.