Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Бурабай орманында 19 мыңнан астам ағаш құлап жатыр
Бұл сәуірде болған дауылдың салдары. Мамандардың айтуынша, қатты желден жығылған ағаштардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Себебі табиғи ұлттық паркі аумағы әлі толық қаралмаған. Ал орманшылар ерекше қорғалатын аймақты жыл соңына дейін тазалап үлгермейміз деп отыр.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Ақмолада тегін дәрі-дәрмекпен қамту ісі жүйелі жүргізіліп жатыр
Бүгінде облыс бойынша 100 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Өңірдегі емханалар жанынан дәріханалық бекеттер бірыңғай жүйе бойынша жұмыс істеп тұр.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Көкшетауда су құбырлары жөнделіп жатыр
Кеше Көкшетау қаласының орталық бөлігіндегі кейбір аудандарға су беру уақытша тоқтатылды.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Көкшетауда балаларға арналған алғашқы тіс емханасы ашылды
Жоба «Даму» қоры арқылы қаржыландырылды. Стерильді жарық кабинеттер, тісті бұрғылайтын аппараттың ызыңы мен емханаға тән иіс. Көкшетауда жаңадан ашылған стоматологиялық емхана заманауи әдістермен емдеуді қолға алып отыр.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Ақмола облысында медициналық мекемеге реанимобиль көлігі сыйға тартылды
Таяуда Есіл аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасы жаңа құрылғымен толықты. Болат Өтемұратовтың қоры 70 миллион теңгеге жаңа аппарат алып берді.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Бұдан былайғы уақытта малсақ қауым төскейді төрт түлікке толтыру үшін ғылымға мойын бұру қажет. Ендігі арада бұрынғыдай «сен салар да, мен салар» көзқараспен бағымдағы малдың санын көбейте алмайтынымыз белгілі болып отыр.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Ақмола облысы мамандары агроғылым мәселелерін талқылады
Заманауи агротехнологиялар ұшу аппараттарымен спектралды бақылау арқылы егіс алқабының топырақ құрамын анықтауға қауқарлы. Осылайша, алқапқа жұмсалатын тыңайтқыштар шығынын 50-ден 80 процентке дейін үнемдеуге болады.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Көкшетауда көру қабілеті төмен бала көп
Соңғы уақытта көру қабілеті төмендеген балалар саны артқан. Әрине, ол смартфон, теледидарды ұзақ уақыт қарап, нәзік әлі толық дамымаған көз тамыларына келген зияннан туындаған мәселе. Көкшетауда көруінде кемістігі бар бүлдіршіндерге арналған бала бақша бар. Онда орын саны аз және қондырғылар мүлдем ескірген.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Карантин кезінде қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық қорларының белсенділігі арта түсті. Әлеумет әлеуетін жақсартуға «Қызыл Жарты ай» қоғамы да атсалысуда.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Көкшетауда шыбын-шіркейге қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілуде
Көкшетауда мамыр айынан бастап шыбын-шіркей мен масаға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілуде. Ол үшін суық және ыстық тұманды термогенератор, аэрозольді шашыратқыштар қолданылып жатыр.