Аймақтар • 30 Тамыз, 2019
Целиноград аудандық кітапханалар жүйесінің ел ішінде мәдени-ағарту ісіне қомақты үлес қосуымен қатар әдебиетті насихаттау, әртүрлі шығармашылық кештер ұйымдастыру барысындағы еңбегі өз алдына бір төбе. Мұнда аудан тұрғындарының рухани қажеттіліктерін зерделей зерттеп, қалтқысыз қызмет етумен қатар жалпақ жұртты жарқын болашақ бағытына топтастыру жұмысы өте мазмұнды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында облыстық Әділет департаменті бірқатар маңызды шараны күні бұрын қамтып, көпшілікпен белсенді жұмыс жүргізуде.
Сұхбат • 29 Тамыз, 2019
Ұлттық сананың мәйегі – ұлт тарихында
Ұлттық сананы рухани жаңғырту, түлету мәселесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мән-мағынасы, орны ерекше. Таяуда біздің тілшіміз Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбекпен тілдесіп, осы тақырыпты қаузаған болатын.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2019
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақмола облыстық филиалы ашылды
Көкшетаудағы «Достық» үйінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақмола облыстық филиалы ашылды.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Құс Меккесі – Қорғалжындағы тұңғыш фестиваль
Әділхан Шабатов атындағы орталық алаңда «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символизмі» атты тұңғыш рет халықаралық байқау-фестивалі болып өтті.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Бурабай баурайында VII Burabike Fest-2019 қайырымдылық бағытындағы спорттық-музыкалық фестиваль өткізілді. Аталмыш фестивальді облыстық әкімдіктің қолдауымен Болат Өтемұратовтың қоры ұйымдастырды.
Руханият • 26 Тамыз, 2019
Есімі ел аузында сақталған, ел қорғаған ерлердің бірі – Қалақ батыр. Он жетінші ғасырдың басында қазақ жеріне көз алартқан жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен қолбасы Қалақ батырдың туған жері Есіл өзенінің жағасындағы Керегетас өңірі.
Руханият • 22 Тамыз, 2019
Тарихымыздың өткені – болашағымыздың өткелі
Көне тарихтың көмбесін аршып алып, уақыт тозаңымен тұмшаланған ұлттық құндылықтарымызды, ата-бабамыздың асыл мұрасын болашақ ұрпақтың кәдесіне жарату – ең маңызды істердің бірі. Біздің тілшіміз Ақмола облысының әкімі Ермек маржықпаевқа жолығып, осы тақырыпта әңгімелескен болатын.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Табиғатта тылсым сыры ашылмаған құпия аз емес. Алыстан ат шалдырып келген туристер Зеренді аймағындағы Айдаһар үңгірінде болған сәттерінде таң-тамаша қалады. Білетіндердің айтуына қарағанда, осы жерге табаны тиген, үңгірге жақындаған адамның бойына қисапсыз күш-қуат құйылады екен. Киелі жерге жету үшін тау асып, тас басып, әлденеше шақырым жоғары өрлеуің керек. Бірақ бір ғажабы табиғаттың тілін, нақтырақ айтсақ, күйін тыңдау. Сол үшін де келетіндер аз емес.
Қоғам • 20 Тамыз, 2019
Масыл болғаннан мамандық меңгергенім жақсы – дейді көп балалы ана Зағипа Абдуллаева
Белгілі бір кәсіпті игеріп, еңбегіңнің зейнетін көрсең, татқан дәміңнің де тәтті бола түсетіні бар. Бұл үшін әрине, уақытша жұмыссыз жүрген адамдарды бағыттап, оң жол сілтеудің маңызы зор.