Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Ақмолалық полицейлер қарттар үйіне барды
Ақмолалық полицейлер Дамса ауылындағы қарттар үйіне барып қайтты. Жылыжүзді жүздесуден кейін Научный елді мекеніндегі жаңа учаскелік полиция бекетінің ашылу салтанатына қатысты.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Ақмолалық диқандар бітік егінді шығынсыз жинап алуға ұмтылуда
Үстіміздегі жылы облыс диқандары 4 миллион 8 мың гектар алқапқа дән сіңірген болатын. Көктем салқын болғанымен, жаз ортасы ауа жауын-шашын мол болды. көптен бері бола қоймаған ыстық та астықтың пісіп жетуіне ықпал етті.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Ақмолада 425 келі есірткі заттары тәркіленді
Үстіміздегі жылдың басынан бері облыс көлемінде есірткімен айналысқан 69 қылмыстық оқиға әшкереленген. Олардан 425 келі әр түрлі есірткі заттары тәркіленген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Көкшетауда ағылшын тілінде тегін сабақтар басталды
Жастар жылында жастар саясатын іске асыру аясында Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы мектеп оқушыларына ағылшын тілін тегін оқыту жобасын бастады.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Көкшедегі жазғы лагердегі тағылымды кештер
Көкшетау қаласындағы емдеу және алдын-алу мекемелері мамандарының көшпелі бригадасы Бурабай ауданындағы «Звездный» және «Самрұқ» балалардың сауықтыру лагерлерінде болып қайтты.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Ақмолада 6 мектеп пайдалануға беріледі
Жаңа оқу жылында білім ошағына 124 мыңнан астам оқушы бармақ. Олардың 16 мыңы бірінші сынып оқушылары.
Руханият • 16 Тамыз, 2019
Ұлттық болмысты сақтау бәрінен қымбат
Қоғамдағы болып жататын және болмай қоймайтын өзгерістер мен жаңарулар біздің санамызға, жеке өмірімізге әсер етпей қоймады. Ол сыртқы факторлардың және ішкі қажеттіліктердің әсерінен болатыны сөзсіз. Ондай жерде пікірдің әр алуандылығы тумай қоймайды. Ол жеке адамның немесе белгілі бір ұлттық ұстанымдардың таңдауынан болады. Таяуда осы мәселе төңірегінде Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы филология ғылымдарының кандидаты Ерболат БАЯТПЕН тілдескен болатынбыз.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Өнер әлемінің өрісін кеңейткен
Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының белді актерларының бірі – Құмарбек Қалқатаев Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты шоқ жұлдыздай ғана Жылытау ауылында туған. Кейін әкесі Мұхамедуәли іргедегі Марқакөлге қоныс аударды. Марқакөлдің көркем суреті, ғажайып бейнесі Құмарбектің қай кезде де көкірегін қоламтадай қыздырып жүретін, шалдыққанда дем беретін, қажығанда қайрат бітіретін кішкентай ғана тұмары іспеттес. Туған жері Жылытау болғанымен, оң-солын танып, ат жалын тартып мінген жанына ерекше ыстық өлкесі осы Марқакөл.
Қоғам • 15 Тамыз, 2019
Жарық дүние есігін ашқан әрбір оныншы сәби – 15 жасқа толмаған қыздардың перзенті. Көкшетау қаласында 2018 жылы 15 жастан 18 жасқа дейінгі жеткіншектердің 2965-і жыныстық ауруларға шалдықса, 2019 жылы олардың саны 3528 адамға жетті. Облыс бойынша бұл көрсеткіш 9214-ке жетіп отыр.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Жаманқұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай беттесеңіз, 10 шақырым өткен соң жалпақ жондағы Бектемір сопы мазары сонадайдан көзіңізге түсер еді. Қоскөл шатқалында орналасқан мазардың кірпіші осы өңірдің өзіндік ерекшелігіне орай жылқының, түйенің, уақ малдың қылы мен жүнін араластыра қосып, илеген кірпіштен қаланған екен.