Қылмыс • 13 Ақпан, 2023
Ауылдағы ағайынның қара қазанын бүлкілдетіп қайнатып тұрған бағымындағы азын-аулақ төрт түлік малы. Әйтсе де, бұл тараптағы көздің сұғы, сұғанақ қолдың суық лебі басылмай тұр. Өткен жылы Ақмола өңірінде мал ұрлаудың 86 оқиғасы тіркеліп, 999 бас мал қолды болған.
Экономика • 12 Ақпан, 2023
Астықты өңір қалыптасқан дәстүр бойынша қарбаласы мол көктемгі егіске дайындала бастады. Осы жылы диқандар жалпы көлемі 5,2 млн гектар жерге дәнді дақылдар тұқымын сіңірмек.
Ауыл • 09 Ақпан, 2023
Кең қолтық, дарқан мінез ауыл қазағының жас баладай аңқаулығына таңғалмасқа лаж жоқ. Мәселен, Ақкөл ауданына қарасты бірнеше ауылдың малсақ қауымы айдың-күннің аманында қыруар малынан айырылып, қан қақсап отыр.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2023
Жер жәннаты Көкшетау мен күміс көлді Қорғалжынның арасындағы ұшқан құстың қанатын, жүгірген аңның тұяғын тоздыратын сайын далада, ақша қарға оранған белес-белдері мен жолбарыс жонды жоталарда жіліктің майындай таза, саф ауаны жұтып, бой сергітіп, демалуға мол мүмкіндік бар.
Қоғам • 05 Ақпан, 2023
Сулы-нулы, омырауына таққан күміс алқа тәрізді айдын шалқарлары бар өңірде 180-ге жуық елді мекен таза ауызсуға зәру болып отыр. Жыл сайын бюджеттен қыруар қаражат бөлінгенімен, игілікті істі ұйымдастыруда кемшілік басым.
Төтенше жағдай • 02 Ақпан, 2023
Ерте қамданғанның есесі кетпейді
Жыл сайын өзен жағалай қонған жалпақ елдің көңілін май ішкендей кілкітетін жай – көктемгі су тасқыны. Кейінгі жылдары бірнеше мәрте су тасқыны болды. Қаншама адам зардап шекті. Сол оқыс оқиғаларды ой елегінен өткізіп, таразы басына тартсаңыз, табиғаттың тақсіретінен аман болу үшін тыңғылықты дайындық керек екен.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2023
Бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалғанын көргенде амалсыз бармағыңды тістейсің. Әсіресе ауызсуға бөлінген қыруар қаржы мақсатты жұмсалмай, құмға сіңген судай боп із-түзсіз жоғалып жатыр.
Ауыл • 24 Қаңтар, 2023
Ауылдың түтіні түзу ұшып, босағасына береке үйірілу үшін бірлік керек. Елінің бас көтерер ер-азаматтары жұмыла қимылдаған жерде тәп-тәуір тірлік бар.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023
Көкше көлдерінің келешегі бар ма?
Сексен көлді омырауына сексен алқа етіп таққан көрікті Көкше өңірінде әкімшілік-аумақтық өзгеріске ұшырамай тұрған кездің өзінде 1 520-ға жуық көл болған екен. Қазір сол айдын шалқарлардың 400-ге жуығы ғана сақталып қалған. Қалғаны, оның ішінде дені дала көлдері құрғап кетіпті.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында: «Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары туралы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр», деп нақты мәселе көтерген еді.