Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1637 материал табылды

Ауыл • 09 Ақпан, 2023

Ауыл жұртын кім алдап жүр?

Кең қолтық, дарқан мінез ауыл қазағының жас баладай аңқаулығына таңғалмасқа лаж жоқ. Мәселен, Ақкөл ауданына қарасты бірнеше ауылдың малсақ қауымы айдың-күннің аманында қыруар малынан айырылып, қан қақсап отыр.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2023

Қыстың да қызығы мол

Жер жәннаты Көкшетау мен күміс көлді Қорғалжынның арасындағы ұшқан құстың қанатын, жүгірген аңның тұяғын тоздыратын сайын далада, ақша қарға оранған белес-белдері мен жолбарыс жонды жоталарда жіліктің майындай таза, саф ауаны жұтып, бой сергітіп, демалуға мол мүмкіндік бар.

Қоғам • 05 Ақпан, 2023

Таза судың тауқыметі

Сулы-нулы, омырауына таққан күміс алқа тәрізді айдын шалқарлары бар өңірде 180-ге жуық елді мекен таза ауызсуға зәру болып отыр. Жыл сайын бюджеттен қыруар қаражат бөлінгенімен, игілікті істі ұйымдастыруда кемшілік басым.

Төтенше жағдай • 02 Ақпан, 2023

Ерте қамданғанның есесі кетпейді

Жыл сайын өзен жағалай қонған жалпақ елдің көңілін май ішкендей кілкітетін жай – көктемгі су тасқыны. Кейінгі жылдары бірнеше мәрте су тасқыны болды. Қаншама адам зардап шекті. Сол оқыс оқиғаларды ой елегінен өткізіп, таразы басына тартсаңыз, табиғаттың тақсіретінен аман болу үшін тыңғылықты дайындық керек екен.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2023

Обалды ұмытқандар

Бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалғанын көргенде амалсыз бармағыңды тістейсің. Әсіресе ауызсуға бөлінген қыруар қаржы мақсатты жұмсалмай, құмға сіңген судай боп із-түзсіз жоғалып жатыр.

Ауыл • 24 Қаңтар, 2023

Бірлігі жарасқан мекен

Ауылдың түтіні түзу ұшып, босағасына береке үйірілу үшін бірлік керек. Елінің бас көтерер ер-азаматтары жұмыла қимылдаған жерде тәп-тәуір тірлік бар.

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023

Көкше көлдерінің келешегі бар ма?

Сексен көлді омырауына сексен алқа етіп таққан көрікті Көкше өңірінде әкімшілік-аумақтық өзгеріске ұшырамай тұрған кездің өзінде 1 520-ға жуық көл болған екен. Қазір сол айдын шалқарлардың 400-ге жуығы ғана сақталып қалған. Қалғаны, оның ішінде дені дала көлдері құрғап кетіпті.

Қоғам • 19 Қаңтар, 2023

Иесі жоқ жер жетім

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Бере­келі қоғам» атты халыққа Жол­дауында: «Қазір ауыл шаруашы­лығына ар­налған жер туралы то­лық­­қанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары туралы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр», деп нақты мәселе көтерген еді.

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023

Алға ұмтылғанның астығы бітік

Былтыр ақмолалық диқандар 5 млн тоннадан астам тәп-тәуір өнім жинады. Көктен иіп, жерден берді. Өз адал еңбектері себеп. Даланың дәні диқанның маңдай терімен өседі. Олар биыл да көктемгі егіс науқанына ертерек қамданды. Қазір қар тоқтатылып, қолда бар техника жөндеуден өткізіліп жатыр.

Білім • 16 Қаңтар, 2023

Тұралаған мектеп құрылысы

Ел бойынша сақалды құрылыстар арасында жарыс өткізілсе, облыс орталығындағы «Құлагер» шағын ауданындағы орта мектептің құрылысы бәйгесін шаппай алар еді. Алғашқы қазығы қағылғалы аттай желіп жеті жыл өтті. Бюджеттің миллиардтаған қаражатын жұтып жатса да, жұмысы бітетін емес.