Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1700 материал табылды

Табиғат • 17 Мамыр, 2023

Ор қазу опық жегізеді

Кейінгі жылдары өңірде ақбөкеннің саны күрт көбейді. Зообелсенділер жалпы саны 6,5 миллион басқа жуықтады деген жорамал айтып жатыр. Қалай болған күнде де еселеп өскені анық.

Шаруашылық • 15 Мамыр, 2023

Көктемгі егіс қарсаңындағы кикілжің

Бұл жолы жер дауы Зеренді ауданынан шықты. Төтен­нен туындаған тайталастың тамыры тереңде жатыр. Егер қос тарап келіспей, келеңсіздік ұзаққа созылып кетсе, пай иелері нәпақасыз қалмақ.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2023

Малсақ қауымға неге шыр бітпейді?

Төрт түлік малдың сүмесімен күн көріп отырған ауылдағы малсақ қауым оның басын көбейтуге бейіл. Түптеп келгенде, қара қазанын майлап, ырысын көбейтетін де осы тірлігі. Әйтсе, де, шабындық пен жайылымның тарлығы алға басқан қадамын кері кетіріп-ақ тұр.

Мәселе • 05 Мамыр, 2023

Егіндікөл: Ауыз су тапшылығы

Егіндікөл ауданының ертеңі бұлыңғыр. Соңғы он жыл ішінде аудан халқы үш есеге жуық азайған. Үдере көшудің басты себебі – ауыз судың тапшылығы.

Қоғам • 04 Мамыр, 2023

Ақан серінің аманаты

Облыс орталығындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі халқымыздың біртуар перзенті, ақын, әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай республикалық дәстүрлі әншілер байқауын өткізді.

Аймақтар • 26 Сәуір, 2023

Ақан серінің аманаты

Облыс орталығындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі халқымыздың біртуар перзенті, ақын, әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай республикалық дәстүрлі әншілер байқауын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шаруашылық • 20 Сәуір, 2023

Ылғал жапқанның ырыздығы мол

Ақмолалық диқандар ерте көктемдегі жауапты науқан – ылғал жабуға дайындық жұмыстарын ширата түсуде. Алдағы мол егіннің кепілі де – осы.

Туризм • 18 Сәуір, 2023

Көтеріп өкшеңді, көріп кет Көкшемді!

Жадырап жаз келісімен Бура­байдың баурайы, Зерен­дінің зерлі аймағы келімді-кетімді кісіден бір босамайды. Біздің өңір туризм саласын дамытуға мейлінше қолайлы.

Еңбек • 18 Сәуір, 2023

Тимофей ағайдың тіршілігі

Ауылдағы балдыз апасына телефон шалыпты. Бірдеңе сұрардағы әдеті. Үйдегі «жарым патшаның» әмірі жүріп тұр­ғанын іші сезеді. Бұл жолғы бұйымтайы – бір қап картоп. Онда да оңтүстіктен келетіні емес, жер­гілікті жердікі болуы керек екен. Басқасы ішіне жақпайтындай айтқан базынасы осы. Әуелі картоп егуге дайындалып, тұқымға сұрап тұрған шығар деп үміттеніп қалдым. Үйлерінің жанындағы атамыздан қалған картоп егетін жердің қоршауы жер бауырлай жантая қисайып, жұлым-жұлым болып жатушы еді. Мүмкін сол жерді іске жаратайын деп ұмтылды ма екен. Балдыздың күректей қолын қимылдататын кезі сирек.

Шаруашылық • 18 Сәуір, 2023

Жауапты науқанның жүгі ауыр

Өңір ауыл шаруашылығы көктемгі егіске қамданып жатыр. Әйтсе де көңілді қобалжытар өткір мәселелер бар.