Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1700 материал табылды

Тәрбие • 07 Наурыз, 2023

Әже

Үш-төрт жас шамасындағы кішкентай сәби томпаңдап жүгі­ріп келіп әжесінің алдына отыра кеткен. Өз тілінде былдырлап бірдеңе айтады. Әжесі ести қоймады ма қайдам, назар аудармап еді, жеңінен жұлқылап, бетімнен сүйші дегендей ишара жасады. Әже де мейірін төге салған. Екеуінің жан тебірентерлік сүйкімді суреті көңіліңді көктем етеді екен. Әдемі жарастық.

Аймақтар • 06 Наурыз, 2023

Балыққа да бап керек

Күміс көлдерді омырауына жақұт моншақтай жарқырата тағып, көркімен көрген жанның таңдайын қақтыратын Көкшетау мен Қорғалжынның арасындағы су айдындарының басым көп­шілігі – далалық көлдер есебінде. Тайыз бол­ғандықтан қақаған қыста балыққа да қауіп көп.

Мектеп • 01 Наурыз, 2023

ІТ-лицейдегі айшықты істер

«Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу» депті ұлы философ Әл-Фараби. Бүгінгі ұрпақ заманауи инновациялық техноло­гияларды меңгерген, цифрлық бағдарламаларды қарқын­ды дамыта алуы керек. Көкшетаудағы Әл-Фа­раби атындағы ІТ-лицей ел болашағының берік қалыптасуына үлкен үлес қосып келеді.

Қоғам • 28 Ақпан, 2023

Тамыр мен тағдыр

Ырысы мол, ынтымағы жарасқан Көкше төрінде ондаған ұлттың өкілі бір-бірімен тіл табысып, мамыражай күн кешіп жатыр. Ортақ мүддеге олжа салумен қатар, өздерінің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын дамытудың мол мүмкіндігін мейлінше тиімді пайдаланып, бір кезде уақыт шымылдығы тұмшалаған асылдарын жарқырата аршып алып, жан-дүниелерін сәулелендіруге ұтымды пайдаланып отыр.

Қоғам • 28 Ақпан, 2023

Жайылымы болмаса, мал азады

Табиғаттың тосын құбылысын күні бұрын болжап білу мүмкін емес болып кетті. Соңғы тәуліктерде Көкшетау мен Қорғалжынның арасын­дағы сайын даланы қорға­сын бұлттар торлап, сылбырап жауын жауды. Қасат қардың сұрланған беті жібіп, ери бастады. Соңы аязға ұласты.

Қоғам • 23 Ақпан, 2023

Жауапты науқанға – жоғары жауапкершілік

Орталық сайлау комиссиясының облыс орталығында өткен көшпелі семинар-кеңес барысында 2023 жылы 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу ерекшеліктері жан-жақты талқыланды.

Спорт • 21 Ақпан, 2023

Бурабайдың бауырын дүбірлеткен...

Әуесқой спортшылардың мұз айдынында жүгіруден экстремалды жарысы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық жарысқа АҚШ, Ресей, Чехия, Польша, Ауғанстаннан және еліміздің бірқатар өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты.

Қоғам • 16 Ақпан, 2023

Ырыздық мол, ұқсату жағы кемшін

Астананың азық-түлік белдеуін дамыту – айрықша маңызды. Ойға алған шаруа оңалмай жатыр деуге де болады. Осы олқылық жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте әділ сын айтқан еді. Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, Астанадағы бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе – инфляция. Өткен жылы бағаның қымбаттауы 23 пайызға жеткен. Бұл – республикадағы ең нашар көрсеткіш. Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттапты.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2023

Атбегі

Көз ұшынан мұнартып, тай шаптырым жерден қарағанда тойған қозыдай томпайып жататын Мақпал тауы көрінер еді. Асқары аспан тіремесе де, жергілікті жұрт үшін бауыры аңыз ертегіге толған ғажайып мекен. Ғалымбек үшін Мақпал тауының етегіндегі шоқ жұлдыздай шағын ғана Сәуле ауылынан асқан жер жоқ. Кір жуып, кіндік кескен осы топырақта дарқан даланың даналығын бойына жинаған ел ақсақалдары көп болды.

Президент • 15 Ақпан, 2023

Ақмола өңіріндегі ауқымды істер

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі агроөнеркә­сіп кешені­нің бірқатар кәсіпор­ны­на барып, энергетикалық және әлеумет­тік нысандардың жұмысы­мен танысты.