Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында: «Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары туралы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр», деп нақты мәселе көтерген еді.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023
Былтыр ақмолалық диқандар 5 млн тоннадан астам тәп-тәуір өнім жинады. Көктен иіп, жерден берді. Өз адал еңбектері себеп. Даланың дәні диқанның маңдай терімен өседі. Олар биыл да көктемгі егіс науқанына ертерек қамданды. Қазір қар тоқтатылып, қолда бар техника жөндеуден өткізіліп жатыр.
Білім • 16 Қаңтар, 2023
Ел бойынша сақалды құрылыстар арасында жарыс өткізілсе, облыс орталығындағы «Құлагер» шағын ауданындағы орта мектептің құрылысы бәйгесін шаппай алар еді. Алғашқы қазығы қағылғалы аттай желіп жеті жыл өтті. Бюджеттің миллиардтаған қаражатын жұтып жатса да, жұмысы бітетін емес.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2023
Таяуда Бастау ауылында жастарға арналған мәдени ойын-сауық орталығы ашылды. Бұл бос уақыттарын қалай өткізерін білмей жүрген ауылдықтар үшін ақ түйенің қарны жарылғандай зор қуаныш болды.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2023
Көктем біздің өңірге еріген қар суымен сай-саланы толтырып, ауыл-аймақты абыржытып, тасқын қаупін төндіріп келеді. Биыл аймақ жауапты кезеңге ерте қамданбақ.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Малсақ қауымға неге қоң бітпейді?
Ақық дән аялап, ақтылы мал өсірудің қиындығы шашетектен. Дегенмен, шағын шаруашылықты да ширатып шалқыту қажет. Ең бастысы, азық-түлік қауіпсіздігі сақталуы керек.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Астықты өңірде ұн өнімдерінің біршама қымбаттап кеткені әрі тапшы бола бастағаны туралы өткен жылдың соңында ел газеті «Egemen»-де мәселе көтеріп жазған болатынбыз. Жаңа жылдан кейін облыс орталығында сонау 1952 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Көкшетау нан зауыты» кәсіпорны өз жұмысын тоқтатты.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2023
Желтоқсан айы туысымен Көкше қазағы соғымын жыға бастаған. Қала қазағы тұтас жылқы алмағанымен, сирақтап, жарты еттеп алып жүр. Бәлкім бағасы да беттетпей тұрған шығар. Соңғы жылдары жылқы қымбат. Елі қазы байлаған тай 450-500 мың теңге, құнан-байталдарыңыз 700-750 мың теңге маңайында. Кеше қоңырау шалған нағашы апам елдегі жамағайынмен бір сираққа келіссе керек. Барып келейік дейді. Үлкен кісінің қолқасын орындаған дұрыс. Таңсәріден елге шықтық.
Ауа райы • 10 Қаңтар, 2023
Соңғы тәуліктерде ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран соғып, өкпек жолаушыға қауіп-қатер көбейген. Апат айтып келіп тұрса да, мән бермейтіндер әлі де аз емес. Таяуда Ерейментау ауданында орын алған оқыс оқиға дүлей табиғатпен тайталасуға болмайтынын көрсетіп берді.
Тарих • 10 Қаңтар, 2023
Таяуда облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылындағы білім ошақтарының бірінде тарих және археология кабинеті ашылып, жас толқынға тылсым тарихтың көне сырлар көмбесі әбдіресін айқара ашты.