Егемен Қазақстан • 28 Қараша, 2022
Ақиқаттың ай дидары – баспасөз
Таяуда «Egemen Qazaqstan» журналистері киелі Көкше өңірінде болып, оқырмандармен жүздесіп қайтты. Тау басынан құдық қазғандай қияпат еңбекпен көз майын тауысып, елдің шөліркей іздеген рухани азығын тауып беріп отырған газет редакциясы мен көзіқарақты оқырман арасындағы байланысты барынша өрістетіп, жандандыра түсу өте қажет. Бүгінгі оқырман нені қалайды, қай тақырыпты оқығысы келеді? Мұны да білген жөн.
Экономика • 27 Қараша, 2022
Өңірде құрылыс жұмыстары жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Ең бастысы, құрылысқа қажетті өнімдер өзімізде өндіріле бастады. Мұның үлкен маңызы бар. Өйткені алыс-жақын шетелдерден тасымалданатын, кейде қасқалдақтың қанындай таптырмайтын, бағасы удай қымбат өнімдерге енді мұқтаж болмаспыз.
Қоғам • 22 Қараша, 2022
Қоқыстан құтылар күн бар ма?..
Өңірдегі өңсіз өңі ондаған жылдар бойы өзгермей келе жатқан сойылдай мәселенің бірі – бей-берекет шашылған, жаз бойы жаман иісі мүңкіп тұратын, шыбын-шіркей жиналып, құрттап, егеуқұйрықтардың мекен ететін жеріне айналған қоқыс үйінділері.
Білім • 22 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деп атап көрсеткен болатын.
Сайлау • 20 Қараша, 2022
Көкшетаулықтар өз таңдауын жасауда
Ақмола облысының орталығындағы Білім-инновация лицейінің ғимаратында орналасқан №24 учаскеге сайлаушылар таң сәріден келе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2022
Ақмола облысының орталығындағы сайлау учаскелеріндегі жауапты науқан ұйымшылдықпен жүріп жатыр. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуовтың айтуына қарағанда, таңертеңгі сағат 10-ға дейін жалпы сайлаушылардың 21,24 пайызы дауыс беріп үлгерген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2022
Степногор қаласында спортты жаны сүйетіндер үшін жақсы жағдай жасалған. Бүгінде қала тұрғындары қамқорлықтың игілігін көріп отыр.
Қазақстан • 18 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жер құнары, су ресурстары мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақты шашырап жатыр» деп атап көрсетілген болатын.
Экономика • 17 Қараша, 2022
Астықты аймақтың әлеуетін арттыратын өте маңызды мәселенің бірі – машина-трактор паркін жаңа заман талабына сай жаңғырту. Осы іске Көкшетаудағы «Қазақстанның Агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сүбелі үлес қосып келеді.
Экономика • 16 Қараша, 2022
Таяуда темірбетон өнімдерін өндіретін «SG Beton» зауыты іске қосылды. Зауыт құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Инвестиция көлемі – 16 млрд теңге. Осы заманғы ең озық құрал-жабдықтар орнатылған заманауи зауыт биыл қазан айында өз жұмысын бастады.