Экономика • 30 Қыркүйек, 2022
Қарына құрық ілер кісі таппай...
Ауыл шаруашылығы құрылымдары егін егіп, ақтылы мал өсіретін адам таба алмай зар. Техниканың тілін білетін механизатор, жылқы жайып, қой бағатын малшы жоқ.
Туризм • 30 Қыркүйек, 2022
Туризмнің төрт құбыласы түгенделіп келеді
Еліміздегі туризм саласының көшін бастар көрікті өңірдегі бүгінгі ахуал туралы сөз сабақтар алдында мүмкіндіктің мол екендігін, бүгінгі таңда табиғаттың тамаша тартуын барынша тиімді пайдаланып, бар істі ілкімді үйлестіру бағытында біршама қадам жасалып жатқандығын айтуға болады.
Білім • 29 Қыркүйек, 2022
Карина – қазақ тілінің мұғалимасы
Өзге ұлт өкілдерінің жергілікті ұлт тілінде майын тамызып сөйлеп тұруы қалың қазақ жайлаған өлкеде таңсық емес. Қазақ тілінің кірпігі ғана қимылдап тұрған солтүстік өңір үшін сүйінші жай. Тілімізді сыйлап, тіршілігімізді толайым өз бойына шақтап алған өрендердің бойынан туған топырағына деген оттай ыстық ықылас пен қалтқысыз құрметті көргенде жүрегіңнің бір шымыр етері бар.
Экономика • 26 Қыркүйек, 2022
Ақмолалық диқандар ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, барынша жіті қимылдап, жауапты науқанды ұйымшылдықпен өткізуде. Бүгінге дейін барлық егістік алқаптың 85 пайызы жиналып алынды.
Медицина • 26 Қыркүйек, 2022
Бірінші байлыққа баға жетпейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Жолдауында денсаулық сақтау саласына айрықша мән берілді.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022
Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылын жариялағаны мәлім. Өңірде келешектің қамын ойлап қыруар шаруаны қамтыған іс-шаралар ұтымды жүзеге асырылып келеді.
Ең қысқа әңгіме • 21 Қыркүйек, 2022
Күзгі дала сәл ғана күреңітіп жатыр. Орман-тоғайдың қойнауы әлі де жасыл бояуынан айырылмапты. Жауын-шашынның әсері-ау. Төңіректегі егін жиналып алынған соң жаз бойы қамап бағылған жылқының да аяғы ұзарған. Қарағаштың бергі бетінде жатыр екен. Қар түскенше тәп-тәуір қоң жинап қалуға тиісті.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
Еңбек қауіпсіздігі – елеулі мәселе
Бурабай баурайында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми бағыттардың басымдылықтары» атты конференция өтті. Елеулі мәселені екшеген іс-шараны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Қазақстандық еңбек және өнеркәсіптік қауіпсіздік қауымдастығымен бірлесіп, еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты өткізді.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2022
Тағдыр тәлкегіне дес бермей, басқа түскен ауыртпалықты кәтепті қара нардай көтере білген, бойындағы бар қажыр-қайратын сарқа жұмсап, алға ұмтылған Әсем Жанәділова әлемдік деңгейдегі сайысқа қатысу үшін Африкаға аттанады.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2022
Күні кеше жер жәннаты Көкшеге қияндағы Түрікменстаннан жеті отбасы көшіп келді. Салт басты, сабау қамшылы емес, үйелмелі-сүйелмелі бала-шағасы бар отбасылы. Алыстан аңсап жеткен қандастарымызды қала басшылары мен көкшетаулықтар темір жол бекетінде қарсы алып, дос құшағын айқара ашып, қарсы алды.