Қоғам • 13 Сәуір, 2022
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жасы зейнеткерлікке таяу, уақытша жұмыссыз жүрген адамдарды жұмыспен қамту мақсатындағы «Күміс жас» жобасы шарапаты мол, игі іс.
Медицина • 13 Сәуір, 2022
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңына жүздеген белсенді жастар шығып, жаттығу жасады. Өмірде кездесетін тосын жайларға тап болғанда тығырықтан шығуға қажетті алғашқы медициналық көмек қалай жасалу керектігін үйренді.
Қоғам • 12 Сәуір, 2022
Тонның ішкі бауындай араласатын, дәмдес ағайын ауызашарға шақырған. Шынын айттық, денсаулыққа байланысты ауыз бекіте алмап едік, бірақ әлгі ағайын оның ешқандай айыбы жоқ екендігін, келіп дәм татыңыз деп қиылып, қайта-қайта қолқа салды. Амалсыздан барғанбыз. Ауылдастар, құда-құдағиы, ет жақын туыстары жиналып қалыпты. Бір қауым жұрт. Біздің қазақтың уақытында баратын, кешікпейтін жалғыз жиыны осы ауызашар ғана шығар.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2022
Қыс кеткенімен, қырауы көңілде
Жүзі жадырап, шуағы кілкіп көктем келгенімен, Степногорск қаласының тұрғындарының көңілі әлі күпті. Қыраулы қыстан қалған наз, өкпе бар.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2022
Қызыл судың қиындығын көп тартқан өңір биыл қапысыз қамдануға тырысуда. Дайындық жұмыстары жыл бойы үздіксіз жүргізіліп келеді деп айтуға да болады. Көктем келгелі тіптен қыза түсті.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2022
Облыс орталығындағы «Қазпошта» акционерлік қоғамының бас ғимаратында басылымдарды насихаттау үшін ашық есік күні тәрізді мәнді шара өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2022
Көкшеге көктем келді қаупін ертіп
Өңірде күннің күрт жылынуына байланысты қасат қардың мұрты бұзылып, күрт ери бастады. Әрине, оңтүстік аудандарда күн райы соңғы тәуліктерде жылына түсті. Қауіп те көбейді. Облыс орталығынан 20 бірлік техника мен 50 адам көмекке аттанды.
Сұхбат • 03 Сәуір, 2022
Басты міндет – заң үстемдігін орнату
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар аталған салаға жаңадан білікті мамандарды жұмылдыруға, әділ сот төрелігін орнықтыруға тиіс екендігін атап өткен болатын. Мұндай шаралар, ең алдымен, қоғамның соттарға деген сенімін нығайту үшін жасалып отыр. Таяуда біздің тілшіміз Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмірге жолығып сұхбаттасқан болатын.
Қоғам • 31 Наурыз, 2022
Қызыл судан қасіретті көп көрген өңір биыл етек-жеңін жинақы ұстап, дайындық жұмыстарын үдете түсуде. Қазір өңірдегі су көздері күні-түні қадағалануда. Қардың еру қарқыны да ескерілуде.
Экология • 31 Наурыз, 2022
Орманымыз ойсырамасын десек...
Қасиетті Көкшенің бір байлығы – қолдың саласындай ақ қайыңдары мен мәңгі жасыл қарағайы. Қымбат қазынаның экологиялық және экономикалық ресурс екені белгілі. Оның үстіне баға жетпес ұлттық игілік.