Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Көкшетауда тағы бір отбасы баспаналы болды. Облыс орталығындағы Науан хазірет атындағы орталық мешіт пен «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы аясында қала тұрғыны Нұрлан Әбенұлына екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Өңірде әртүрлі топтағы 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған осы бір адамдардың ешкімге алақан жаймай, адал еңбегімен күн көріп, сол қажыр-қайратымен он екі мүшесі сау адамдарға үлгі болып отырғанын көргенде еріксіз қайран қаласың. Иығына қаншалықты ауыртпалық түссе де қажымаған, қайраты кемімеген неткен ерік-жігер десеңізші?!
Қоғам • 16 Ақпан, 2021
Қысылтаяң шақта қолы қысқа адамдарды қолтығынан демеп, жанашырлық жасау шынайы адамгершіліктің белгісі. Көкшетаулық жастар жалпақ әлемді «жаман тұмау» жан алқымнан алған кезде бірліктің бұзылмас қамал екендігін өздерінің ізгі ниетті іс-қимылдарымен көрсетіп отыр.
Қоғам • 11 Ақпан, 2021
Өтпелі кезеңнің өкпек желі талай шағын ауылдардың шаңырағын шайқап кетті. 2019 жылы ғана сегіз ауыл жабылыпты. Соңғы отыз жылда ондаған елді мекеннің жұрты ғана қалды. Осы ауылдардың бәрінде Ұлы Отан соғысында опат болған майдангерлерге қойылған обелискілер бар. Қазір сол обелискілер жел мен күнге тозып, сыры өшіп қалқайып тұр.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2021
Жанашырлық та, жауапкершілік те қажет
Төтеннен келген тажал дерт адамдарды бір-біріне барынша жақындастырып, бауырластырып, қам көңілге қамқоршы болуға себеп болып отырғанын айқын аңғаруға болады. Халық қай кезде де дәл осындай ел басына күн туған шақта тұтаса бірігіп, еңсені езген ауыртпалыққа иықтарын төсеп, бірлесе көтеріп алатын. Қазір де осы бірлікпен әдіптелген жан жадыратар жылылықты қолы қысқа әлеумет айқын сезініп отыр.
Абай • 11 Ақпан, 2021
Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №3 мектеп-интернатта Абайтану кабинеті ашылды.
Экономика • 10 Ақпан, 2021
Бұрын екі қолға бір күрек таба алмай қиналған ауыл тұрғындары қазір мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде туған жердің төскейін мыңғырған малға толтырып отыр. Оның ішінде асыл тұқымды қара малға аңсарлары ауды.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2021
Соңғы тәуліктерде Көкшетау қаласындағы базарларда ахуал шиеленісіп барады. Жолың түсіп соға қалсаң, қыстың көзі қырауда қияндағы ауылдан жеткізген еттерін өткізе алмай қапылып тұрған адамдарды көрер едіңіз. Мәселенің мәнісін біз де зерделеп көрдік.
Коронавирус • 10 Ақпан, 2021
Облыс жаман тұмаудың жаппай таралуы бойынша әлі де «қызыл» аймақтың шеңберінен шыға алмай тұр. Өңірдегі науқастар саны 11 497 адамға жетті.
Қоғам • 10 Ақпан, 2021
Жаман індет жан алқымнан алып тұрған кезде елдің дастарқанын жүдетпеу – маңызды мәселенің бірі. Нұр-Сұлтан қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету белдеуіне облыстың 17 ауданы кіреді. Былтыр елорда тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынуда біршама жетістік байқалғанымен, әлі де ішкі мүмкіндікті толық пайдалана алмай отырған тәріздіміз.