Спорт • 25 Мамыр, 2021
Көкіректегі үміт отын алаулатып, қатарынан кем қалдырмай, алға сүйрейтін, алға сүйрегенде де алысқа жетелейтін адамның жүрегіндегі жігер-ау, сірә! Тіршіліктің түйіні уысынан шығып бара жатқанда жалаулы жасыл дүниеге деген іңкәр махаббатын мелтектетіп, алдынан сара жол ашатын алапат күш – сенім.
Экология • 24 Мамыр, 2021
Табиғат жанашырларының тағылымды шаруасы
Бурабайдың қатпар-қатпар жартастары көптен бері мәнсіз, мағынасыз, айғыз-айғыз жазуларға тұнып тұрушы еді. Парықсыздықтың айқын, анық мысалын көрсететін осы бір аракідік кәдімгі сырмен жазылған жазуларды табиғат жанашырлары өшіріп, әсемдік ажарындағы кіреукені алып тастады.
• 19 Мамыр, 2021
Жаңарған өлкедегі жасампаз тіршілік
Өңірдің Сандықтау, Атбасар, Жақсы және Жарқайың аудандарына барған адам қайнаған шаруаның ортасына күмп ете түсер еді. Қай тарапқа қарасаң да алға ұмтылған ауыл тұрғындарының береке байланған бекем ісін көресіз. Көресіз де үлкен үмітпен қолға алынып жатқан бар шаруаға әбден разы боласыз.
Қоғам • 12 Мамыр, 2021
Жомарттық қоғамды ізгілендіреді
Төрткүл дүниені түгел жаман тұмаудың үскірік лебі қалтыратып тұрған шақта Степногор қаласындағы жомарт жүректі жандар айналасын өздерінің таңғы шықтай мөлдір ақ пейілімен, өлкеге кәміл өнеге болатын қомақты көмек-қолдауымен, естіген жанның көкірегін жылытатын қайырымды ісімен шуақтандыра түсті.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2021
Қауіпті елемеу қасіретті көбейтеді
Өңір «қызыл аймақтың» құрсауында. Тұмшалаған дерттің сейілмеуіне не себеп? Мобильді топтардың жұмыс нәтижесіне көз жүгіртіп, көңілмен сараптап, үңіле қарап отырсаң, өзіміздің немқұрайдылығымыз басым екен.
Экономика • 06 Мамыр, 2021
Ауыл шаруашылығы тәп-тәуір дамыған өңірде төрт түлік малдың басы жылдан-жылға өсіп келе жатқанымен, еттің бағасы күйіп тұр. Қымбатшылықтың орын алуына не себеп?
Қоғам • 05 Мамыр, 2021
Көрген жанның көңілін тоғайтатын баспасөз туры барысында көктемгі егістің қарбаласы, мал төлдету, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту бағытындағы талай шаруаның куәгері болып қайттық. Бурабай, Бұланды, Біржан сал аудандарында ауыз толтырып айтуға әбден лайықты тіршілік тынысы бар екен.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2021
Азық-түлік дүкендерінде жергілікті мал өнімдерін өндірушілердің сүт және сүт өнімдерімен бірге, іргедегі Ресейдің, қияндағы Белоруссияның тауарлары иен тіресіп тұр. Құрғақ сүттен жасалған, апталап, айлап сөреде жатса да, бұзылмайтын сүт өнімдері қаншама.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2021
Бір жылқы ұрлап, бес жылға сотталды
Қазақ «Мал-жан аман ба?» деп амандасады. Алдымен малды сұрауында мән бар. Ықылым заманнан бері Алаш баласының тіршілігі төрт түлігіне байланысты. Бүгінгі таңда да ауыл тұрғындарының дені азын-аулақ малымен күн көріп отырғандығы белгілі. Ал оны оңай олжа көріп ұрлау – күнәнің ең үлкені. Демек қазақылықпен кеңшілік жасап, кешірмеу керек. Сонда ғана ұрының өрісі тарылады.
Руханият • 28 Сәуір, 2021
Өзгеге қамқор болудың өміршең өнегесі аз ғана істен атойлап көрініп тұрары бар. Державинск қаласындағы «Городок» дүкенінің иесі Татьяна Гайдукова әдемі мысал жайында сүйсіне отырып әңгімелеп берді.