Аймақтар • 06 Қазан, 2020
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аймақтағы елді мекендердің кем-кетігін түзеп, ажарын кіргізіп, туған жердің түтінін түзу ұшыруға орасан зор септігі тиіп жатқан шара екендігін ауыз толтырып айта кетелікші. Талай жылдан бері оқталғанымен, сәті түспеген сан шаруа бір демде шешіліп қалды.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Құс қанатына ілескен індетке тоқтау жоқ екен. Шалғайдағы Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылында басталған індет бірте-бірте тарап келеді. Қазірге дейін 1100-ден аса үй құсы қырылып қалды.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
Алты ай бойы атан түйені алып жығатын ақ түтек бораны мен қырау қатқан қабағы бір ашылмайтын біздің өңірде қысқа қапысыз дайындық керек-ақ. Аязы үдеп, бораны бас көтертпей, ақ көрпесін жамылып, апшыны қуыратын қыс маусымы жайбасарлықты көтере бермейді.
Өнер • 05 Қазан, 2020
Түсініп-түйсіне білген адамға күй құдіреті дегеніңіз тілмен сипаттауға еш мүмкіндігіңіз жетпес ғаламат екендігі даусыз. Көкшетаулық ұстаз, дәулескер домбырашы Бақтыгүл Дәулетжанованың да жанына шуақ құйып, жолын ашқан сазды әуен.
Аймақтар • 03 Қазан, 2020
Ақмолалық диқандар егін орағын аяқтады
Еліміздегі ең астықты өңірлердің алғашқы үштігінен табылатын облыс диқандары ерте көктемде 4,4 млн гектар алқапқа дәнді дақылдар тұқымын сіңірген болатын. Ел қамын ойлаған еселі еңбектерінің арқасында жерде өскен дәнді жерде қалдырмай, уақытылы тап-тұйнақтай етіп жинап алды. Қырмандағы қызыл дәнді тау-теңіз етіп текшелеген толайым табыс тегеуірінді еңбекпен келгендігі даусыз, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 02 Қазан, 2020
Екінші нанның қадірі есте болсыншы
Берекелі қоңыр күздің өзінде көкшетаулық орталық базарда картоп сатушылардан «қай жердің картобы, Ресейдікі ме, жоқ әлде оңтүстікі ме?» деп сұрап жатады. Бәлкім сапасы, сақталуы әртүрлі болар. Ең бастысы, картопқа деген сұраныс, әрине. Дегенмен жергілікті өнім жеткіліксіз емес пе? Осындай ой жетелеп, картоп өсіретін шаруашылыққа әкелген.
Руханият • 02 Қазан, 2020
Көкшетау мен Қараөткелдегі кісілік
Қасиетіңнен айналайын, туған жер әр перзентінің көкірегін қоламтаның шоғындай қыздырып, сағынышымен әлдилеп жүрсе дейсің, шіркін! Ат жалын тартып мінген әр азамат туған жеріне титімдей болса да шарапатын тигізсе, өтпелі кезеңнің өкпек желінен тоңазыңқыраған шалғайдағы шағын ауылдардың шырайы кіріп қалар еді.
Аймақтар • 01 Қазан, 2020
Көкшетауда қарттарға құрмет көрсетілуде
Заманында табаны тастан таймаған тарланбоздай бар жұмысты еңсеріп, қоғам байлығын еселеуге үлес қосқан қазыналы қарттар қандай құрметке болсын лайық. Жалғыз айлық шеңберінде ғана емес, жарық күннің әрбірінде жастардың жүрек жылуына бөленіп жүрсе, шіркін!
Руханият • 01 Қазан, 2020
Қазақтың пейіліне қайран қалам!..
Алтайдан Атырауға дейінгі ұшқан құстың қанатын, жүгірген аңның тұяғын тоздыратын сайын даланы кімдер мекен етпеген. Соның ішінде қазақ даласының қасиетін ұғып, халқының қадірін білетін өрелі азаматтар да аз емес. Бір-біріне бауырластырып, туыс етіп жіберген риясыз шынайы көңілі мен өзгеге деген құрметі әрі сыйластығы.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020
Шағын ауылдардың үлкен мәселесі
Мал сүмесімен күн көретін ауыл тұрғындарының алға басқан қадамын кері кетіріп тұрған соқталдай мәселенің бірі – жайылымдық жердің аздығы. Төрт түлік малын жаяр өрісі, мал азығын дайындайтын егістігі мен шабындығы болмаған соң берекенің кетіп тұрғаны.