Аймақтар • 27 Тамыз, 2020
«Жерде өнген жерде қалмайды», дейді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев. Өңірде жоғары жауапкершілікті талап ететін егін орағына тыңғылықты дайындық жасалды. Биыл ауыл шаруашылығы құрылымдары 5 млн гектар алқапқа дән сіңірді. Оның ішінде дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар 4,4 млн гектарды құрайды. Өткен жылмен салыстырсақ, егіс көлемі 17,4 мың гектарға көбейді.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
Ақмола облысы мектептеріне 50 ноутбук табыс етілді
Білім саласы қызметкерлерінің облыстық ұйымы жұмыр жерді жайлаған жаман тұмау жан алқымнан алған кезде қашықтықтан оқуға бет бұрған облыс мектептеріне 50 ноутбук табыс етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Жақсының жалпақ даласы қызу еңбек дүбіріне бөленген. Аудандағы егістік алқаптардағы пісіп-жетілген ақық дәнді оруға 700-ден астам техника жұмылдырылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
Ақмолада тоғыз мектептің құрылысы жүргізілуде
Жаңа мектептердің салынуы үш ауысымдық білім беру мәселесін шешуге септеспек. Бұл орайда, "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламаларының көмегі мол. Жыл басынан бері білім беру нысандарының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына 10 миллиард теңге шамасында қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 25 Тамыз, 2020
Хакімнің ізгі мұратын жалғастыру – басты міндет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың мұрасын «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналдыру қажеттігіне баса назар аударып, Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай мерейтойды тойлау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осы орайда, Көкшетауда маңызы зор, мәні мәйекті халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
Қашқын таудың қойнауындағы қазына
Үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлдер мен қолдың саласындай ақ қайыңдар, мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген «Көкшетау» ұлттық паркінің аумағында 22 туристік маршрут жұмыс істейді. Бұл соқпақтарда жеңіл көлікпен, атпен, жаяу өтуге болады. Су маршруттары да бар. Көгілдір нұрға малынған өлкеде саф ауамен тыныстап, қазыналы өңірдің ілкідегі сырына үңілген адам көп нәрсеге қанығар еді.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2020
Балығы тайдай тулаған сулы, нулы өлке – Қорғалжында форель балығын өсіретін ауқымды кешеннің құрылысы басталмақ, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2020
Ақмола өңірінде “Мектепке жол” акциясы жалғасуда
Қайырымдылық қашанда адам жанын елжірететін, тауқыметін талқысынан шығуға септігін тигізетін ізгі қасиет. Жаңа оқу жылы жақындаған сайын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың алаңдаушылығын да әбден түсінуге болады. Соңғы жылдары білім ошағының табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге деген қоғамның қамқоршылығы айқын сезіле бастады.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді. Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды. Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады» деп атап көрсетті.
Экономика • 21 Тамыз, 2020
Елімізде жел энергетикасын дамытудың мол мүмкіндігі бар. Мамандардың есептеуіне қарағанда, жылына 1 трлн кВт/сағат көлемінде энергия өндіруге болады. Шынтуайтында, бұл – әлемдегі ең үздік көрсеткіштердің бірі. Ерейментаудағы «Golden Energy Corp» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де осындай мол мүмкіндікті пайдалана отырып, тиімді жобаны жүзеге асыруда.