Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1700 материал табылды

Руханият • 18 Тамыз, 2020

Балбал тастың бағасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру Ақмола өңірінде мұқият жүргізілуде. Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы картасына 46 нысан еніп отыр, оның 11-і жалпыұлттық, 35-і өңірлік маңызы бар ескерткіштер.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2020

Көл қамысынан арылса...

Соңғы жылдары тананың көзіндей жарқырап жататын Қопа көлін қаулай өскен қамыс басып кетті. Қопаға құятын Қылшақты өзенін де түйенің бойындай қау басқан. Рабайсыз өскен өсімдіктердің салдарынан көл суы да, өзен суы да ластануда. Қазіргі күні облыстық табиғи ресурстар басқармасының мамандары арнайы жоба шеңберінде тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Бағдарламалар • 17 Тамыз, 2020

Шаруасын дөңгелеткен Альмира

Әншейінде бейнеті мол мал шаруашылығы нәзік жандылар үшін тым-тым ауыр болып көрінетіні бар. Бірақ қолға алса еңсерілмейтін іс жоқ екен. Көпбалалы ана Альмира «Бастау бизнес» бағдарламасының шарапатымен қорасын малға толтырып отыр.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Көкшетаулық полиция қызметкерлерінің қамқорлығы

Ақмолалық полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді.

Экономика • 14 Тамыз, 2020

Қой шаруашылығын құнттасақ...

Жұмыр жердің бетін жаман тұмау жайлағалы әлемнің әр қиырында азық-түлікке алаңдаушылық пайда бола бастады. Дастарқанды толтыратын адал астың бірі – қой еті. Бірақ өкінішке қарай бұл саланы дамыту назарға алынбай жүр. Облыста 600 мыңға таяу қой бар. Екі пайызы ғана асыл тұқымды. Қой етін өңдейтін кәсіпорын жоқтың қасы. Жүні мен терісі өңделмей, рәсуа болып жатыр.

Туризм • 13 Тамыз, 2020

Қашқын таудың қойнауындағы қазына

Үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлдер мен қолдың саласындай ақ қайыңдар, мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген «Көкшетау» ұлттық паркінің аумағында 22 туристік маршрут жұмыс істейді. Бұл соқпақтарда жеңіл көлікпен, атпен, жаяу өтуге болады. Су маршруттары да бар. Көгілдір нұрға малынған өлкеде саф ауамен тыныстап, қазыналы өңірдің ілкідегі сырына үңілген адам көп нәрсеге қанығар еді.

Коронавирус • 13 Тамыз, 2020

Ақмола облысында "Қайырымдылық вирусы" марафоны жалғасуда

Ақмола облысында "Қайырымдылық вирусы" марафоны жақсы жалғасын табуда. Жүрек жылытар, иманды шара барысында аудандық ауруханалар бұған дейін қолы жетпей, әбден сусап отырған оттегі концентраттарымен қамтамасыз етілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Тамыз, 2020

Көкшетауда жел электр станциясы іске қосылды

Облыс орталығының іргесіндегі Краснояр елді мекенінің маңында орналасқан станцияда электр қуатын өндіретін бес қондырғы жұмыс істеп тұр. Осындай қондырғының жетеуі Балтық жағалауындағы елдерден жеткізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Білім • 13 Тамыз, 2020

Жаңа оқу жылында олқылықтарға орын берілмейді

Жаман тұмау жайлаған кезде білім саласының жұмысы туралы ел ішінде әрқилы топшылаулар айтыла бастаған. Қисынға келетіні де, келмейтіні де бар. Мәселенің мәнісі таяуда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өткен  брифингтен белгілі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 13 Тамыз, 2020

Ұры алыстан келмепті

Таяуда Атбасар аудандық полиция бөліміне белгісіз біреулердің «John Deere» және «Case» маркалы астық комбайдарының салонына кіріп, тоғыз түрлі құрал-сайманды ұрлап кеткені туралы хабар түскен болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz