Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1225 материал табылды

Руханият • 15 Қаңтар, 2020

Алматыда Молдахмет Сыздықұлына ескерткіш тақта орнатылды

Алматы қаласында Қазақстанның Халық суретшісі Молдахмет Сыздықұлының жарқын бейнесін ұрпақ жадына салатын мемориалды тақта ашылды. Тақтайша өнер иесі отыз жылдан астам уақыт тұрған Төлебаев көшесі №125 үйге қойылды. Биыл көрнекті суретшінің туғанына  – 95 жыл толып отыр.

Руханият • 15 Қаңтар, 2020

Алматыда Абай әлеміне арналған кітап көрмесі ашылды

Айтулы шара хакімнің 175 жылдық мерейтойы аясында қолға алынған. Ұйымдастырушылар бұдан бөлек, ұлы ойшылдың ғибратты ғұмырын, рухани шығармашылығын, қауымға кеңірек таныту мақсатында онлайн байқау жариялауды жоспарлап қойған. Аталған жобаға Абайдың туындыларын мәнерлеп оқитын кез келген оқырман қатыса алады.

Қазақстан • 13 Қаңтар, 2020

«Қара майор» халық жадында

Әскери абырой мен қаһармандықтың үлгісі бола білген Ауған Соғысының ардагері, полковник, Борис Керімбаев биыл тірі болғанда 72 жасқа толар еді. Алматыда қалалық әскери-патриоттық клубтың оқушылары батыр рухына тағзым жасап, 28 Панфиловшылар саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Қоғам • 13 Қаңтар, 2020

Алматының Медеу ауданында тұлға анықтайтын камералар орнатылады

Медеу аудандық әкімдігінің өкілдері пилоттық режимдегі тұлғаның кім екенін анықтайтын камералардың қайда орнатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Медицина • 10 Қаңтар, 2020

Алматыда медицина ұйымдарына аудит жүргізілді

Алматыда 888,4 мың тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін қызметтерді тегін пайдалана алады. Бұл туралы медициналық сақтандыру мәселелері жөнінідегі республикалық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директоры Нұрлыбек Қабдықапаров хабарлады.

Руханият • 10 Қаңтар, 2020

Әйгілі шебердің әдемі суреттері

Клим Ли – портрет жазудың хас шебері. Оның қаламынан тамған туындылар графикалық техникалары мен материалдарының түрліше композициялық алуандығымен ерекшеленеді. Әсіресе туындыгердің шығармашылығынан көрікті әйелдердің бейнесін жиі кездестіресіз. Ресей Көркемсурет академиясының академигі әрі орыс бейнелеу өнерінің белді өкілі саналатын айтулы шебердің «Айналар парадоксы» атты таңғажайып көрмесі Ә.Қастеев атындағы өнер музейіне келді.

Қоғам • 10 Қаңтар, 2020

Аттракциондар қауіпсіздігі қатаң қадағаланса игі

Соңғы уақытта елімізде аттракциондарға байланыс­ты тосын оқиғалардың жиілеп кеткені жасырын емес. Бұл адамдардың салғырттығы ма, әлде қауіпсіздік мәселесінің қалтарыста қалып бара жатқанын көрсете ме? Осындай жағдайдың бірі жаңа жылдың алғашқы күндерінде Алматыда болып, «Көктөбе» саябағына серіппелі әткеншекке ойнаймын деп келген жасөспірім абайсызда мертігіп қалды.

Руханият • 09 Қаңтар, 2020

Жанғара Дәдебаев: Әлеуметтік өміріміздің жаңғыруына жаңа серпін береді                                  

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында Абай сөзінің, Абайдың ілімінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармашылығынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөліскісі келетінін білдіре отырып, әлеуметтік маңызы зор, өзекті қағидалар жүйесін ұсынды.

Қоғам • 27 Желтоқсан, 2019

Баспанаға апарар жол

Баспана басты игіліктің бірі. Ел тұрғындарының жеке баспанаға қол жеткізуіне қомақты үлес қосып жүрген Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі азаматтар үшін барынша тиімді ұсыныстар әзірлеуде. Биыл алпауыт ұйымның салымшылары рекордтық нәтиже көрсетіп, депозиттерде жалпы сомасы 771,2 млрд теңге көлемінде қаражат жинаған.

Қоғам • 27 Желтоқсан, 2019

Алматыны ауыз сумен қамту қай деңгейде?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алма­ты қаласын дамытуға бағыт­талған кеңесте ша­һар­дың әлеуметтік-эко­но­микалық табыстары ең әуелі қаладағы инфрақұ­рылымдық қызмет сапасын жақсартудан басталаты­нын айтып, бұл бағытта бір­қатар тапсырма берген болатын. Осы ретте күн са­нап аумағы артып ке­ле жат­қан мегаполистің ауыз су мәселесі мен кәріз жүйе­сінде қандай мәселе бар?