Руханият • 05 Желтоқсан, 2019
Алматыда Үкі Әжиевтің шығармаларын қамтыған көрме ашылды
Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстан акварелінің хас шебері, қазақ өнеріне еңбегі сіңген өнер қайраткері, мәдениет пен бейнелеу өнері саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш президенті стипендиясының лауреаты, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Әжиев Үкі Әжиұлының 95-жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды.
Руханият • 29 Қараша, 2019
«Алатау» театры Тұңғыш Президент күніне тарту жасады
Құрылғанына төрт жыл толған «Алатау» дәстүрлі өнер театры өз көрермендерін тың бастамаларымен қуантып келеді. Аталған өнер ордасында «Елін сүйген Елбасы» деген тақырыппен еліміздің Тұңғыш Президент күніне орайластырылған мерекелік шара өтті. Концертке алматылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақтар • 29 Қараша, 2019
Патшайым Тәжібаеваға арналған кітаптың тұсауы кесілді
Қазақ геология саласына айшықты үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері Патшайым Тәжібаеваның туғанына биыл 100 жыл толды. Осыған орай Алматыда ғалымның мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті.
Руханият • 28 Қараша, 2019
Сандуғаш үні салқар даланы тегіс тербеген Бибігүл Төлегенова биыл тоқсан жасқа толды. Халық әртісінің мерейлі белесіне арналған кезекті шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғасын тапты.
Аймақтар • 27 Қараша, 2019
Алматыда селден сақтандыратын қондырғылар қойыла бастады
Тау баурайында орналасқан Алматы үшін сел қауіпсіздігі негізгі мәселенің бірі. Мегаполисті селден сақтау бойынша апат жөнінде ерте хабардар ететін дабыл сигналы бағдарламасы жаңа құрылғылармен толыға түспек. Шаһардағы төтенше жағдайлардың алдын алу және сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автоматты бақылау жүйесі Ақсай және Аюсай шатқалдарында бөгеттер салу жөнінде өткен брифингте айтылды.
Руханият • 25 Қараша, 2019
Алматылық жас суретшілер Жастар жылына тарту жасады
Күнделікті өмірде біз жиі көріп жүрсек те, сыры мен сымбатына зер салып жанымызбен үңіле бермейтін әр сәттің әдемі көрінісі суретшілердің қиялына қанат бітіргендей. Баябан даланы мыңбояуға шомылдырған әсем гүлдер, жазғы жазира, дүниеге жан бітірген шұғылалы көктем, сылдырап аққан тау өзені, буырқанған асау теңіз олардың кенебінде қаз-қалпында көз алдыңа келеді.
Әдебиет • 25 Қараша, 2019
Мұрат Шаймаранның жыр кеші өтеді
2019 жылдың 29 қараша күні сағат 15.00-де Қазақстан Жазушылар одағында ақын, Ж. Нәжімеденов атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мұрат Шаймаранның 50 жасқа толған мерейтойына орай «Талпынған шалғайға шайырдың жаны – құс» атты әдеби-сазды кеш өтеді.
Аймақтар • 22 Қараша, 2019
Тұрғындар қауіпсіздігі – басты назарда
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Қысқы спорт • 20 Қараша, 2019
Қыстың көркі – сырғанақ. Қысы қатты қыспаққа алмайтын алматылықтар үшін бұл игіліктің орны тіптен ерекше. Бірер жыл бұрын қала күні қарсаңында жүргізілген сауалдама нәтижесінде Шымбұлақ әсем Алматының жеті кереметінің біріне баланғанын білеміз. Шаһардың туристік әлеуетін танытып, қонақтарын құшақ жая қарсы алатын кешен биыл алғашқылардың бірі болып шаңғы маусымын ашты.
Қазақстан • 19 Қараша, 2019
«Қазбат» фильмі көрерменге жол тартты
Алматыда «Казбат» көркем фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті. Фильм Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік қызмет барысында бастарынан өткерген шынайы оқиғаны баяндаған. Туындыны «АЮ СИНЕМА» кинокомпаниясы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолдауымен жарыққа шығарып отыр.