Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1279 материал табылды

Аймақтар • 12 Тамыз, 2019

Алматыны дамыту – айрықша назарда

Ел аумағындағы еңбекке жарамды халықтың 15 пайызын жұмыспен қамтып отырған Алматы – отандық экономиканың ірі орталығы. Күн санап аумағы артқан алып шаһар тың тыныс алып, жаңа тұрпатта дамып келеді. Премьер-Министр Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапары барысында мегаполистегі ау­қымды инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысып, Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде алқалы кеңес өткізді.

Аймақтар • 08 Тамыз, 2019

Алматылықтар ашық аспан астында кино көрді

Жуырда Алматы жұртшылығына арналған айрықша жоба қолға алынған болатын. Алматылықтар мен қала қонақтары шаһардың әрбір ауданында ашық аспан аясында кино тамашалау мүмкіндігіне ие болды. 10 шілдеде басталған шараға екі мыңнан көп көрермен келген. Бүгінге дейін 4 фильм көрсетіліпті.

Аймақтар • 07 Тамыз, 2019

Алматыда пәтер ұрлығы 2,9 есе төмендеген

Алматылық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, шаһарда бейнекамералардың арқасында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы едәуір  азайған. Статистикалық деректер бойынша пәтер тонау - 2,3 есеге, автомобильдер ұрлығы - 2,9%, ұялы телефон ұрлығы - 48,1%, көлік айналарын ұрлау - 4,3 процентке, қалта ұрлығы - 3,4 есеге, көлік ішінен ұрлау - 13,5%, түсті және қара металды ұрлау 21,7процентке азайыпты.

Руханият • 07 Тамыз, 2019

Ерлікті тұмар еткен туындылар

Алмас Нұрғожаев – бүгінгі қазақ бейнелеу өнерінде өз мәнерін қалыптастырған жас суретші. Оның туындылары өзі айтқандай ішкі әлемі мен жан толғанысының боямасыз бейнесі. Алмас шығармаларын тамашалағанда ең алдымен көзге түсетіні – күрделі қозғалыс пен ракурсқа құрылған экспрессияға толы тылсым композициялар. Туындыгердің кенебін көмкерген кейіпкерлер мәңгілік қозғалыста.

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

«Сергек» камераларының саны артады

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполисте биылғы жылдың соңына дейін қосымша 707 «Сергек» камерасы іске қосылады. Олардың 400-і көше қиылыстарына, 307-сі жол жиегіндегі учаскелерге орнатылмақ. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Аймақтар • 05 Тамыз, 2019

Жұмыссыздарды қолдау орталығы ашылды

Аталған орталықта  азаматтарды еңбекпен қамту ғана емес, жеке бизнестерін ашуға да қол ұшын береді. Қазір қаладағы «Кенжехан» және «Көкбазар», екі теміржол бекеті мен Түрксіб жәрмеңкесінде дәл осындай 5 орталық жұмыс істеп жатыр. Жауапты мамандар, жұрт  көп шоғырланған аумақтарға тағы жетеуін ашу көзделгенін айтады.

Қоғам • 05 Тамыз, 2019

Қазақ теміржолының алтын бесігі

Алматыдағы темір жол көлігінің орталық музейі және Алматы музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен көлік қызмет­керлері күніне арналған айрықша көрме ашылды. Алғаш 1901 жылы іргетасы қаланған қазақ теміржолының тарихы тереңде жатыр. Нақ осы жылы еліміздің батысында жолтабан ені 1524 мм бо­латын алғашқы темір жол салынып, 1904 жылдың қаңтар айын­­да Орынбор қаласынан Қазалы (Кубек) стансасына дейін алғаш­қы пойыз жолға шықты.

Аймақтар • 31 Шілде, 2019

Ертең Алматыда Денсаулық айлығы басталады

Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы 1-30 тамыз аралығында қаланың сапалы медициналық қызметке зәру аудандарына мобилді топтарды жібереді.

Аймақтар • 30 Шілде, 2019

Жол тәртібін пысқырмаған көлік кортежіндегілер жауапқа тартылды

Жастардың үйлену тойларында махаббат шеруіне шығатын азаматтардың жол тәртібін өрескел бұзу фактілері әлі де азаймай тұр. Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көліктерін кері бағытта жүргізген кезекті той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 30 Шілде, 2019

Алматыда 30 күн бойы жылжымалы медициналық қызмет көрсетіледі

Жылжымалы медициналық қызмет аясында терапевт, педиатр, кардиолог және басқа да білікті дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter парақшасында жазды.