Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1318 материал табылды

Қоғам • 21 Қазан, 2019

Алматыда №92 бағыттағы автобустар жаңарды

Толықтай жаңартылған қозғалыс құрамы 19 қазанда қала көшелеріне шықты, - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. Аталған бағытта бұдан былай 12 метрлік 20 жаңа автобус қатынайтын болады.

Қоғам • 21 Қазан, 2019

Медицина ұйымдарына 85 млрд теңге төленді

Биылғы жылдың басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 84,9 млрд теңге төленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.

Руханият • 21 Қазан, 2019

Алматыда қуыршақтар көрмесі өтеді

30 қазан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде театр жылы мен А.С. Пушкиннің туғанына 220-жыл толуына арналған жыл сайынғы «Әрқашан біргеміз» халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрмені ұйымдастырушылар – Алматыдағы Ресейдің Бас Елшілігі, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілдігі, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, Қазақстанның «Центр Вселенной Кукол» қуыршақшылар қоғамдастығы.

Аймақтар • 16 Қазан, 2019

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 18 жылдығын атап өтті

Осыдан 18 жыл бұрын Алматы қаласында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының негізі қаланды.Аталмыш оқу ошағы радиотехника мамандықтары бойынша офицер-инженерлерді дайындайтын Орталық Азия аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз жоғарғы білім ордасы.

Қазақстан • 16 Қазан, 2019

Құрылысшылар неге ереуілге шықты?

Алматыда көпір құрылысшылары жылға жуық жалақы алмағандықтарын айтып ереуілге шықты. Шаһардағы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көпір үстіне шығып наразылық білдірген жұмысшылар базыналарына бас қатырмайтын компания басшыларына қапалы. Ереуілдеткен жұмыскерлер тобының суреттері әлеуметтік желілерге жаппай тараған болатын.

Аймақтар • 14 Қазан, 2019

Алматыда жарылған су құбыры қалпына келтіріледі

Алматының коммуналдық қызметшілері Бөкейханов-Райымбек көшелері маңындағы жарылған жылу желісін қалпына келтіруде. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 14 Қазан, 2019

Алматыда «Батыл бол» жобасы жалғасуда

Алматыда  осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Батыл бол» жобасының тағы бір сайысы мәреге жетті.

Аймақтар • 10 Қазан, 2019

Алматыда «Үш бәйтерек» атты шығармашылық кеш өтті

Алматыда қазақтың аса көрнекті әдебиет өкілдері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Үш бәйтерек» атты әдеби-сазды кеш өтті. Алаш арыстарының арманын ақиқатқа айналдырған айтулы  кеште жырдан шашу шашылып, әсем әуендер көпшіліктің көңілін тербеді.

Руханият • 09 Қазан, 2019

Вашингтонда қазақ қолөнерінің тарихына арналған симпозиум өтті

Вашингтондағы Ұлттық сәулет музейінде «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері және креативтік экономика» атты симпозиум өтті. Әлемдегі алдыңғы қатарлы музейлердің бірі Смитсон институтының мамандары және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің  жетекші ғалымдары мен зерттеушілері баяндама жасаған өнер жәрмеңкесі АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен жүзеге асып отыр.

Руханият • 08 Қазан, 2019

Адамзат қасіретін арқалаған

Шығармашылық иесі нысанға алған тақырыбын өз өне бойынан өткізе алмаса, жүрекке де жеткізе алмайды. Кейіпкеріміз Кәріпбек Күйіковті тағдыр қос қолсыз өтуге жазса да, қаншама жанның қабырғасын қайыстырған ауыр қайғының салмағын кенеп бетінде кейіптейтін қуат беріпті. Шығармаларын қылқаламды аузымен тістеу арқылы немесе башпайларының көмегімен жазатын ол адамзат баласына алапат қасірет әкелген ядролық сынақтардың жазықсыз жандарды жалмайтын аяусыз аждаһа екенін айтумен келеді.