Руханият • 07 Қазан, 2019
Қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегіне» арналған конференция өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек мұраты және әдеби дәстүр сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Руханият • 05 Қазан, 2019
Алматыда Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды
Алматыда Халық жазушысы, сөз өнерінің зергері Шерхан Мұртаза тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Шерағаңның жарқын бейнесін көз алдымызға әкелетін мемориалды тақтайша тәуелсіздіктің елең-алаңында ұлт руханиятының беделін биіктеткен ерен тұлғаның есімін ұрпақ санасында мәңгі әлдилеу мақсатында қойылған. Алматы қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен жүзеге асқан игі шараға жиналған зиялы қауым өкілдері бұл шын мәнінде қазақ сөз өнеріне жасалған құрмет деп есептейді.
Қазақстан • 03 Қазан, 2019
Алматыда «Жол құрылысының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-конференция өтті
Посткеңестік елдердегі жолдарды жобалау тәсілдері 50 жылдан астам жаңарту көрмеген. Таптаурын болған бұл нормаларды заманға сай жетілдіру ісінде Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының тың талпыныстары халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тауып келеді. Бұл туралы институттың 60 жылдығын атап өту аясында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
Аймақтар • 03 Қазан, 2019
Көнеден жеткен жыр-дастандар – өскелең ұрпақты ұлт мұрасын ұлықтауға тәрбиелейтін айрықша құрал. Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі мәреге жетті. Қалың көпшілікті саф өнерге сусындатқан жыр додасы «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының аясында қала әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр.
Руханият • 01 Қазан, 2019
Алматыда алғаш рет отбасылық айтыс өтті
Жөргегінде жыр қасиетін еміп, «сөз құдіретін өз құдіретім» деп таныған қазақ үшін ұлтымыздың ұлы мұрасына баланатын айтыс өнерінің орны бөлек. Сондықтан болар, сұлу сөзге сусап келген тыңдарманды сүмбіле жырдың суатына сүйрей жөнелетін сөз барымтасының бәсіресі сәтке де болса биіктен құлап көрген емес. Аптаның жұмыс күніне қарамастан Республика Сарайына «айтыс тыңдаймыз» деп ағылған ақеділ ағайынның ақжарма көңілі, ақындарына деген алғаусыз махаббаты осы сөзімізді тағы да қуаттай түскендей. Азаттықтың алтын бесігі саналатын Алматы төрінде Nur Otan партиясының тікелей қолдауымен «Отан отбасынан басталады» атты ақындар айтысы өтті. Аты айтып тұрғандай, Алатаудан ағылған жыр тасқыны бұл жолы отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық діңіміздің негізгі өзегіне айналған ата өсиетін, әже қасиетін жадымызда жаңғыртты.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Сенім кеңесі өркениетті жолмен өзгерудің өзегі болуға тиіс
Ел өміріндегі маңызды мәселелерді талқыға салып, стратегиялық жобаларды саралауға, осыларға қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған Ұлттық сенім кеңесінің құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айқындалған міндеттер мен бастамалардың жүйелі жүзеге асуын нақ осы кеңес шеңберінде дамыту қажеттігін баса айтқан еді. Осы орайда Президент жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі саясаттанушы Расул Жұмалыны әңгімеге тартқан едік.
Руханият • 30 Қыркүйек, 2019
«Қобыланды батыр» жырын жатқа оқыған оқушы 1 миллион теңгеге ие болды
Көнеден жеткен жыр-дастандар өскелең ұрпақты ұлт мұрасын ұлықтауға тәрбиелейтін айрықша құрал. Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі мәреге жетті. Қалың көпшілікті саф өнерге сусындатқан жыр додасы «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының аясында қала әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр.
Руханият • 27 Қыркүйек, 2019
Алматыда Әуезов есімі әспеттелді
Бүгін Мұхтар Әуезовтің туған күні. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ өркениетінің барлық табыстары оның есімімен тікелей байланысты. Қазақ әдебиетінің тұңғыш эпопеясын жазып, қазақ драмматургиясының алғашқы қарлығашын қанаттандырып, Еуропалық дәрежедегі қазақ прозасының негізін салған заңғар тұлғаның есімі уақыт өткен сайын ұрпақ санасында биіктей бермек. Алматыда жазушының туған күніне орай өткен дәстүрлі «Әуезов оқулары» атты жас ғалымдардың XYI ғылыми-тәжірибелік конференциясына жиналған зиялы қауым өкілдері осылай деді.
Руханият • 27 Қыркүйек, 2019
Алматыда канадалық қылқалам шеберінің көрмесі ашылды
Алматыда заманауи канадалық қылқалам шебері Майкл Клоуздың «Өнер – ізгілік жолында» деп аталған сурет көрмесі ашылды. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің қабырғасында салтанат құрған экспозицияға автордың 90-ға жуық туындысы қойылған.
Экология • 23 Қыркүйек, 2019
Алматылық студенттер тазалық күнін өткізді
Қаладағы жоғары оқу орындарының 400-ге жуық студенті Алмарасан шатқалын қоқыс пен қалдықтан тазартты. Осы игі істерімен жалынды жастар еліміздің премьер-министрі бастаған «Бірге - таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосты. Олар жалпы 8 шақырым аумақты қоқыстан тазартқан.