Қоғам • 03 Сәуір, 2019
Алматыда отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған сайыс өтті
Алматыда отбасылық құндылықтар мен халық дәстүрін дәріптеуге бағытталған «Беу, қыздар-ай» атты сайыс өтті. Орталық неке сарайында шымылдығын түрген байқауда Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері мен ұзтаздары бақ сынады.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2019
Алматыда 2018 жылы жол апатынан 133 адам көз жұмған
Алматыда алдағы екі жылға арналған жол қауіпсіздігін күшейтуге және жол-көлік оқиғалары кезінде адам өлімін азайтуға бағытталған іс-қимыл жоспары бекітілді. Биыл көлік және велосипед қозғалысының аражігін ажырату үшін арнайы барьер қойылмақ.
Қоғам • 01 Сәуір, 2019
Алматыда аудан әкімдерінің рейтингі аумақ тазалығы арқылы анықталады
Алып мегаполис Алматыда қала тазалығын қадағалау ісі айрықша қолға алына бастағандай. Бұдан былай шаһардағы жасыл экономика басқармасының өкілдері қолдарына фотоаппарат алып қала көшелерін жаппай суретке түсіріп отырмақ. Аудан әкімдерінің жұмыс рейтингі сол арқылы анықталады. Яғни қай ауданның аумағы барынша таза болса, сол ауданның басшысының жұмысына бес балдық шкала бойынша жақсы баға қойылады.
Руханият • 01 Сәуір, 2019
«Жұлдызды тостаған» Петербург төрінде жарқырады
Петербургтегі Ресей Көркемсурет академиясының Ғылыми-зерттеу музейінде Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің жауһар туындыларына баланатын «Сергей Калмыковтың жұлдызды тостағаны» атты айрықша көрме ашылды. Айтулы өнер жәрмеңкесін екі ел арасындағы мәдени дәстүрлердің қоспасы деп атауға болатындай.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2019
Алматыда «Мүмкіндіктер палитрасы. Дәстүрлер және жаңашылдық» атты көрме ашылады
Алматыда белгілі қолөнер шеберлері әрі суретшілер Гүлжанат Қабижанова мен Нұрия Бикенова киіз бен құрақтан жасалған туындыларының бірлескен көрмесін өткізеді. «Мүмкіндіктер палитрасы. Дәстүрлер және жаңашылдық» деп аталған көрменің басты мақсаты– ұлттық өнердің ұмытылып бара жатқан қасиет- қалыбын жұртшылыққа насихаттау.