
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Алматыда автобус жолағымен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынуда
Алматыда автобус жолағына шыққан жүргізушілерге жаппай айыппұл салынып жатыр. Бүгінде «Жолақ» борттық жүйесі 50 автобусты қамтып отыр. Қалалық қоғамдық көліктерге 100 бейнебақылау құрылғысы орнатылған. Сол арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтауға болады.
Аймақтар • 10 Шілде, 2019
Алматы әкімі құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті
Құрылыс компанияларының жетекшілерімен кездескен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бірінші кезекте мектеп, аурухана, балабақша сынды нысандар халыққа қолжетімді қашықтықта болуы керек екенін айтты.
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Алматыда Мұстай Кәрім атына көше берілді
Алматыда белгілі Башқұрт ақыны Мұстай Кәрімнің атына көше берілді. Шаһардың әсем аудандарының бірінен орын тепкен ақын атындағы көшенің ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты. Олардың сапында Мұстай Кәрімнің шығармашылығы мен қаламгерлік қуатын жоғары бағалайтын ақын-жазушылар да болды.
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Балдырғандар бас қаланың туған күніне тарту жасады
Елорданың туған күні дәстүр бойынша еліміздің әр аймағында сән-салтанатпен аталып өтті. Алматыдағы №92 бөбекжай-балабақшысының балдырғандары да ел астанасына арнап мерекелік шара ұйымдастырды.
Аймақтар • 03 Шілде, 2019
Автокөлік ұрлағандар құрықталды
Алматы полицейлері қымбат автокөліктерді ұрлап келген күдіктілерді қолға түсірген. Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы мамыр айының соңында Алматы қаласының Әуезов ауданында жол талғамайтын қос бірдей Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі қолды болған.
Аймақтар • 03 Шілде, 2019
Алматыда көлік кортежі полиция қызметкерін қағып кетті
Алматылық полицейлер әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзған көлік кортежін байқап, ізіне түскен. Заңды белшесінен басқан азаматтар тәртіпке бағынбағаны былай тұрсын, тәртіп сақшыларынан із суытпақ болған. Бұл туралы Әкімшілік полиция департаментінің баспасөз қызметі жазды.
Руханият • 03 Шілде, 2019
Шалғай ауылдардағы өнерге таласы бар өрімдей ұл-қыздардың өресін биіктетіп, өрісін өрге сүйрейтін жақсы ұстаздың қажырлы еңбегі екені даусыз. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында тұратын Сәдет Сембай 60-тан аса өскінді би өнеріне баулып жүр.
Аймақтар • 02 Шілде, 2019
Алматыда «Үндестік» атты сурет көрмесі ашылады
5 шілде күні Алматыда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Қансейіт Қарлығаштың «Үндестік» атты жеке көрмесінің ашылуы болады. Экспозицияға әр түрлі жанрда қалам тербейтін автордың 30-дан аса жұмысы қойылады.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
Қырғыз зиялылары Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Бүгін заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің дүниеден өткен күні. Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған қазақ-қырғыз зиялыларының форумына қатысу үшін Алматыға арнайы келген қырғыз делегаттары жазушының музейіне бас сұғып, аруағына құрмет ретінде гүл шоқтарын қойды.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Алматы жұрты Арыс тұрғындарымен бірге
Арыстағы ағайынның басына түскен тосын жағдайды Алматы жұртшылығы да күйзеліспен қабылдады. Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Алматы қаласы тарапынан қиындыққа тап болған тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету шаралары қолға алынғандығын жеткізді.