Өнер • 16 Желтоқсан, 2022
Қылқалам және Желтоқсан шындығы
Желтоқсан көтерілісі ұлт жадынан өшпейтін, ұрпақ санасынан сөнбейтін, қаншалықты қасіретті болса, соншалықты қасиетті сәт ретінде тарихта қалды. Бостандық іздеп бұлқынған жұрттың шемен-шерін, көңілде көлкіген мұң наласын арқалаған жастар алаңға тұтас бір халықтың ғасырлап күткен арман-аңсарын алып шықты. Заманында түрлі айдар таңылғанымен, бүгінгі ұрпаққа оқиғаның боямасыз картинасын ұсыну тарихшылармен қатар әдебиет пен мәдениет өкілдерін де толғандыруға тиіс. Ендеше желтоқсан оқиғасы қазақ бейнелеу өнерінде қалай көрініс тапты деген сауалға өзімізше жауап іздеп көрейік...
Әдебиет • 15 Желтоқсан, 2022
Балалар әдебиетінің «Айтұмары»
Алматыда «Айтұмар» балалар әдебиеті үздік туындыларының байқауы мәреге жетті. Қазылар алқасының ұйғарымымен жас оқырманның жүрегіне жол табуға лайық деп танылған шығарма авторларын марапаттау салтанаты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2022
Белгілі қаламгер Талғат Айтбай құрастырған «Желтоқсан көтерілісі» атты жинақтың төртінші томы жарық көрді. «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы аясында оқырманға жол тартқан еңбек автордың бұған дейін құрастырған «Алматы. 1986. Желтоқсан» деп аталған топтамалық жинағының негізінде дайындалған.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2022
Алматы қаласының қоғамдық тәртібін қадағалап, тыныштығын күзететін 5571 әскери бөліміне кеңес одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Ұлттық ұлан құрамына кіретін әскери бөлімнің құрылғанына биыл 24 жыл толып отыр.
Өнер • 08 Желтоқсан, 2022
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде КСРО Суретшілер одағының мүшесі Иван Стадничуктің «Репин жанымызда» деп аталған жеке көрмесі есік ашты. Экспозицияға Қазақстан бейнелеу өнерінің өрістеуіне елеулі үлес қосқан шебердің 40-тан астам көркем туындысы қойылған.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2022
Шешендік өнер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, бүгінге жеткен баға жетпес қасиетті қазынасы. Осы қазынаны қазіргі және келер ұрпаққа насихаттау мен аманаттау мақсатында республикалық Абай атындағы мамандандырылған мектепте IV республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2022
Жасөспірімдерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, саламатты өмір салтын насихаттау – қоғамдағы маңызды мәселе. Мегаполис жастарын жұмыспен қамту, олардың еңбекке араласуға ынтасын ояту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Ashyq Alan» жобасы аясында «Social project mаnаgement орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу бағытында бірнеше семинар-тренинг өтті.
Туризм • 29 Қараша, 2022
Қыс хабары білінер тұста тау жұпарымен тыныстап, шаңғы тебу үшін Алматыға ағылатын жұрттың қарасы қалыңдайды. Алатау баурайының туристік әлеуетін танытып, қонақтарын құшақ жая қарсы алатын Шымбұлақ кезекті рет қысқы маусымын ашты.
Қоғам • 28 Қараша, 2022
Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі. «Даму» қоры аймақтық кәсіпорындардың қызметін жандандыруға маңыз беріп келеді. Алматылық кәсіпкерлер биылғы 9 айда қор тарапынан жалпы сомасы 62,99 млрд теңге көлемінде көмек алған.