Қоғам • 21 Наурыз, 2022
«Харекет» мың теңгеден бастау алды
Қолда барды бөлісу, жоқ-жітікке қарайласу халқымыздың салт-санасына сіңген асыл қасиет. Даласынан дархандық дарып, өмір өнегесін ізгілікпен өрнектеген бабаларымыз қайсыбір қилы кезеңдерде де Аллаға жағар амалдан алшақ кете алмаған. Тұрмыс тіршілігі шалқып жатпаса да жақынын жарға тастамай, қайырымдылықтың қақпасы ашылған жерден қалыс қалмайтын, қамқорлыққа бейіл жандар сол сара жолдың жалғасы.
Қазақстан • 14 Наурыз, 2022
Алматыда Алаш ардақтылары ұлықталды
Алматыда Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен «Ұлылар үндестігі» атты халықаралық конференция өтті. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған мазмұнды іс-шарада тағылымды тұлғалардың өмір тынысы, шығармашылығы, ұлт мұратына байланған ұлы идеялары хақында орамды ойлар айтылды.
Өнер • 08 Наурыз, 2022
Түстердің тілін терең түсінетін туындыгер табиғат бояуларын көңілге көшіріп алған дерсіз. Суретшіге ең керегі де осы емес пе? Өз орнын таба алмаған бояу туындының мазмұнын қашырады. Есту мен сөйлеу қабілетінен қағажу көрсе де жарық әлемнің алуан түсін өте нәзік иірімде сезініп, сол сезіне білген дүниесін кенеп бетінде шебер айшықтауы Анар Әбжанованың өнер өлкесіне кездейсоқ келмегенінен хабар береді.
Қоғам • 06 Наурыз, 2022
Жарық күндей жан-жағына шұғыла шаша алатын жандар көп емес. Бірақ жоқ емес. Тіршіліктің мейірім жібін жалғап тұрған солар. Бүкіл әлемді құшағына сыйғызардай үлкен жүректің иесі де солар. Қатал уақыттың қақыраған аязы айналаға қарауға мұрша бермей, жан жылуын өзге түгілі өзіне жеткізе алмай әрі-сәрі күйде мың құбылған қоғамды шарапат құбыласына бастап, ізгілікке үндейтін һәм жарық сәулеге қарай жетелейтін тағы да солар...
Қоғам • 28 Ақпан, 2022
Нағыз домбыра тартқан сайын бабына келеді
Домбыра жасау қолға түскен ағашты жоңғылай беру емес. Саз сиқырының сырына бойлап, оның үнін алдын ала сезіну һәм өз ісіңе үлкен махаббатпен кірісу. Ағаш таңдаудан бастап соңғы әсемдеу жұмыстарына дейінгі әр кезеңде перзентінен үміт күткен әкедей толғанып жүргенің. Сәтті шыққан аспап шертілген сайын ширығып, тартылған сайын тынысы ашылады. Бар назарымыз Нарбек шеберде. Шып-шып терлеген маңдайын қос білегімен алма-кезек сүртіп кезекті туындысының сұлбасын сызып жатқан оның әңгімесі жанымызға жағып барады.
Өнер • 21 Ақпан, 2022
Күнтізбені қасіретпен айғыздаған «Қаңтар оқиғасы» отандық суретшілердің кенебінен көрініс таба бастады. Қылқалам шеберлерінің қолтаңбасы олардың оқиғаға деген көзқарасы ғана емес, қаншалықты ауыр болса да біздің тарихымыздың бір бөлігі.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2022
Тәуелсіздік тағылымын толғаған
Алматыда Қазақстан тарихының айтулы оқиғаларын баяндайтын алғашқы комикс-басылым жарыққа шықты. Жинақ қазақстандық жас суретшілердің үздік қолтаңбасымен толыққан. Кітаптың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқасы еліміздің барлық мектептері мен кітапханаларына тегін таратылмақ.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2022
Жылдар өтсе де ұмытылмайтын сәттер, оқиғалар болады. Тарих сонысымен құнды. 1993 жылдың мамырында қазақ шекарашылары тәжік елінің ауған жерімен шектескен шебін күзетуге кірісті. 2001 жылдың 8 ақпанына дейін жалғасқан жауапты миссияға қазақ даласынан аттанған ҰҚК Шекара қызметінің офицерлері мен сарбаздары өз міндеттерін абыроймен атқарды.
Әдебиет • 09 Ақпан, 2022
Мұқағалидың туған күні Алматыдағы Мақатаев пен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы ақын ескерткішінің алдына жиналған жастар алма-кезек жыр оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2022
Қаңтар айының соңғы күні алматылық Ержан Жамбауовтың шаңырағында үшем дүниеге келді. Жаратқанның сыйымен алты баланың ата-анасы атанған бақытты отбасына күні кеше «Елге көмек» қайырымдылық қорының бастамасымен баспана кілті берілді.