Қоғам • 09 Қазан, 2022
Алматы қаласында өткен кадр мамандарының тұңғыш форумы сан саланың көшбасшыларын бір арнада тоғыстырған тәжірибе алмасу алаңы ретінде есте қалды. Қоғамдық ұйымдар мен өз кәсібін өрге дөңгелеткен мақсаткер жандардан жасақталған үздік мамандар нарық заманында көштен қалмай алға жылжудың алғышарттарын айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Руханият • 06 Қазан, 2022
Өнер – адамзатты бірлікке бастайды
Адамзат өркениетін өрістеткен өнер туындылары кеше мен бүгінді жалғайтын, өнерді түсінуге һәм сүюге бастайтын алтын көпір. Көне тарих көмбесінен сыр шертетін мұндай шығармалар мәдениеттің мәйегі сақталған музейлердің баға жетпес байлығы. Осы орайда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер музейінің директоры, өнертанушы ғалым Гүлайым Жұмабековаға бірер сауал қойған едік.
Руханият • 03 Қазан, 2022
Қазақ әдебиеттануы мен ғылымына қапысыз еңбек еткен ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Серік Қирабаев тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Алматыдағы С.Сейфуллин даңғылы мен Қ.Сәтбаев көшесі тоғысқан тұста орналасқан дәл осы шаңырақта ерен тұлғаның шығармашылықтағы ең бір жемісті жылдары, өмірінің жарқын сәттері өткен еді.
Өнер • 02 Қазан, 2022
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде белгілі суретші Бауыржан Байділдәнің «Туған ел» атты жеке көрмесі ашылды. Туған өлке табиғатын тұмар еткен кезекті көрме суретшінің соңғы жылдар бедерінде жазған туындыларын құрайды.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2022
Шерағаңның туған күні қалам ұстаған қауым үшін асыға күтетін мереке секілді. Себебі дәл осы күні Алматыда қайраткер-қаламгердің құрметіне арналған дәстүрлі бильярд турнирі өтіп, жылы естеліктер айтылады.
Сұхбат • 29 Қыркүйек, 2022
Құзар шыңның басында тіршілік ететін қар барысына табиғат-ана өзгеше бітім берген. Жер бетінде ілбістер мекендейтін 20 аймақ болса, соның екеуі Қазақстанда. Бұл – Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауы. Әсіресе Алматы тауларын мекендейтін сыры жұмбақ жануарды экологиялық кедергілерден сақтау – ғалымдарды толғандырып отырған мәселе. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қар барысын бақылау орталығы териология зертханасының (сүтқоректілер) меңгерушісі, Wildlife Without Borders мүшесі Алексей Грачевтен өз сауалдарымызға жауап алдық.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
«Темекі патшалары» ұлт денсаулығына зиян келтіреді
Қазақстанда контрафактілік темекі бұйымдарын өндіретін зауыттар көбейді. Ал тұтынушылар жасанды темекі мен қолдан жасалған акциз белгілерін өз бетімен ажырата алмай, денсаулықтарына зиян келтіріп жатқандарын да аңғармайды.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
Венада алғаш рет «One world. New generation» мәдени іс-шаралар апталығы аясында Қазақстан балаларының сурет көрмесі ашылды. Еуропа жүрегіне қазақ елінің атынан барған жас таланттар – балалар шығармашылығын дамытуға арналған «Жануарлар – менің достарым» және «Менің жасыл планетам» байқауларының жеңімпаздары.
Саясат • 13 Қыркүйек, 2022
Ортақ идея төңірегіне топтасуға шақырды
Биылғы күз ел тарихындағы елеулі оқиғамен есте қалмақшы. Мерзімінен бұрын өтетін Президент сайлауы – мемлекет болашағы сынға түсетін тағдыршешті сәт. Ұлт зиялылары сайлауда дұрыс таңдау жасау арқылы ғана мемлекетіміздің алдағы бағдарын айқындап, табысты келешекке қадам баса аламыз деген пікірде. Саяси науқан қарсаңында «Тоқаевтың реформалары үшін» деп аталған жаңа қоғамдық қозғалыс құрылып, Алматыда жалпыреспубликалық ұйымның алғашқы баспасөз мәслихаты өтті.
Президент • 13 Қыркүйек, 2022
Тоқаевты қолдайтын жалпыреспубликалық қоғамдық қозғалыс құрылды
Бүгін Алматы қаласында «Тоқаевтың реформалары үшін» жаңа қозғалысының баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.