Аймақтар • 12 Шілде, 2022
Азаматтық авиация академиясына барды
Сенат депутаты Динар Нөкетаева Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде депутаттардың назар аударуын талап ететін мәселелер аясында оқу орындарының жұмысымен танысу мақсатында Азаматтық авиация академиясына барды.
Экономика • 11 Шілде, 2022
«Алтыналмас» алтын өндіру компаниясы өз қызметкерлерімен ұжымдық шартқа қол қойды. Ал бұған дейін жұмысшыларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер ішкі ережелермен реттеліп келген. Аталған бетбұрысты күн сайын ауқымы артып келе жатқан алып кәсіпорынның әлеуметтік серіктестіктегі маңызды қадамы деуге болады.
Аймақтар • 08 Шілде, 2022
«Меценат» бәйгесі мәресіне жетті
Алматыда «Меценат» әдеби сыйлығының алғашқы жеңімпазы анықталды. Ел патриоттары мен руханият жанашырларының азаматтық жобасы саналатын тәуелсіз бәйгеде топжарған әдеби романның авторы өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алып отырады.
Аймақтар • 08 Шілде, 2022
Әлеуметтік даму – басты назарда
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында журналистер алдында брифинг өткізді.
Қазақстан • 05 Шілде, 2022
Қазақ халқын қынадай қырған ашаршылық тақырыбының айналасында әлі де анықталмаған тарихи деректер, шұқшия қарауды қажет ететін жайттар аз емес. Мемлекет басшысы өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осы мәселеге айрықша тоқтала отырып: «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда халқымыздың саны әлденеше есе көп болар еді. Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді» деген болатын.
Әдебиет • 05 Шілде, 2022
«Меценат» әдеби сыйлығының алғашқы жеңімпазы анықталды
Алматыда «Меценат» әдеби сыйлығының алғашқы жеңімпазы анықталды. Ел патриоттары мен руханият жанашырларының азаматтық жобасы саналатын тәуелсіз бәйгеде топ жарған әдеби романның авторы өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алып отыратын болады.
Аймақтар • 30 Маусым, 2022
«Алтыналмас» – ESG-клубының негізін қалаушылардың бірі
Алтын өндіру ісінде айтарлықтай табысқа жеткен «Алтыналмас» компаниясы өз мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Күні кеше алпауыт ұжым ESG клубының негізін қалаушылардың бірі атанды. Ал Ұлттық ESG клубы тұрақты даму және ESG қағидаттарын ілгерілететін жауапты инвесторлар мен компанияларды жұмылдыру бойынша фронт-алаңға айналмақ.
Қоғам • 17 Маусым, 2022
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында шаһардың белсенді жастарымен кездесті. Алмалы аудандық Жастар ресурстық орталығында өткен шараға студенттер мен волонтерлер қатысты.
Сұхбат • 16 Маусым, 2022
Айжарық Абылқасым: Үлкейген сайын тағдырың да тұлғалана түседі
Табиғатына тарта туған Айжарық Абылқасымның азаматтық үні Алакөлдің толқындарындай асқақ. Өмір арнасын өскен өлкеге таңған тағдырлы ақын әдеби ортадан алыс жүрсе де оның қаламынан «Сағынған көздің моншағы», «Махаббатым менің», «Жүректе бүгін сызат көп», «Ең бақытты шақтарым», «Сен жанымда жүрсең», «Көңілдария» сияқты жыр жинақтары өзгеше өрнек, тосын ой, жаңаша леппен өрілді. «Қазақтың Корчагині» атанған аяулы ақын Алакөлден Алматыға бұл жолы да ақжолтай жаңалықпен жетіпті. Оқырманға жол тартқан «Өлеңқұдірет» жинағының таныстырылымынан кейін автормен әңгімелескен едік.
Аймақтар • 14 Маусым, 2022
Заңсыз шеру адам өлімімен аяқталды
Азаматтық қоғамда әр адам өз үнін естіртіп, қарсылығын білдіруге құқылы. Алайда азаматтардың талап-тілектері, туындаған мәселеге қатысты наразылықтары белгіленген заң шеңберінде, тәртіпке сай жүзеге асқаны абзал. Жанайқайын жеткізудің төте жолы осы екен деп өзгенің құқығын шектеу һәм бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіру митинг мәдениетіне жатпайды. Себебі қоғам тыныштығы мен адамдардың амандығы бәрінен қымбат.