Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 77 жыл, кеңес-ауған соғысының аяқталғанына 33 жыл толды. Гитлерлік Германиямен болған соғыста қан кешкен жауынгерлер осы күні ғасыр ғұмырға таяса, ауған даласында майдандасқан сарбаздардың алды алпысты алқымдап, арты қырықтың қырқасына шығып отыр.
Бизнес • 12 Қыркүйек, 2022
Кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік шығаратын зауыттардың жұмысымен танысты.
Руханият • 09 Қыркүйек, 2022
Өтеген Оралбайұлының шығармашылығына арналған конференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қарасты Әл-Фараби кітапханасында көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбайұлының 70 жылдық мерейлі белесіне арналған «Өтеген Оралбайұлының шығармашылығы және бүгінгі қазақ поэзиясы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 08 Қыркүйек, 2022
Көрмеге барсаң демаласың. Тіршілікке бей-жай қарауға бейілденген рухыңды бір сілкіп алып, мына ғазиз әлемге суретшінің жанарымен үңілгің келеді. Кабырғаға ілінген әр картинаның құпиясын ашқың келіп құныға қарайсың. Кенет ғажап бір әлем алдыңнан шығады. Суретші өмірдің әр сәтінен қуаныш көруге ұмтылады екен ғой. Қылқалам құдіреті кейде мұңның өзін шаттыққа айналдырып, санаңды сабыр нұрына малатыны бар... Ал кейде бәрі керісінше.
Сұхбат • 02 Қыркүйек, 2022
Азаттық күресінің бастауында тұрған тұлға
Әр сөзімен һәм ісімен ұлт өресін өсіруді көздеген Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы ұлттық сананы жаңғыртудың айнымас бағдары десек артық айтпаған болармыз. Қайраткердің 150 жылдығына орай жер-жерде Ахаң мұрасын айшықтайтын айтулы шаралардың салтанат құруы, тұлға тағылымының қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет ететін кемел жол екенін тағы бір айқындайды. Осы орайда белгілі ахметтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлына бірер сауал қойған едік.
Сұхбат • 01 Қыркүйек, 2022
Неліктен отандық азық-түлік өндірістері жарты күшпен жұмыс істейді?
Қазақстандық тұтынушы заттаңбада мәлімделген табиғи ингредиенттердің орнына көбіне тұтас алмастырғыштар мен суррогаттар болатын төмен сұрыпты импорттық өнімдерден шаршады. Мұнымен не істеу керек және неге мемлекет күмәнді сападағы импорттық тауарларға толы нарықты бақылаудан өзін-өзі шеттетеді? Egemen.kz редакциясы осы сұрақтарға жауаптарды «Бижан» ЕӨЗ» ЖШС бас директоры Хадиша Бижанмен бірге табуға тырысты.
Өнер • 25 Тамыз, 2022
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде Табылды Мұқатовтың «Армысың, Англия!» атты жеке көрмесі ашылды. Айтулы өнер жәрмеңкесі суретшінің 75 жылдық мерейтойына және шығармашылық қызметінің 50 жылдығына арналған.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2022
Жұрт ұйқыда жатқанда, ел шетін кірпік қақпай күзететін шекарашылардың еңбегі ерлікпен пара-пар. Атаулы мамандық иелерінің меншікті мерекесі қарсаңында Алматы іргесіндегі ҰҚК-ге қарасты «Қаскелең» шекара бөліміне барып, шептегі шымыр жігіттердің бір күнгі өмірімен танысып қайтқан едік.
Сұхбат • 15 Тамыз, 2022
Академик Төрегелді Шарманов: Әділдік жоқ жерде қуатты қоғам қалыптаспайды
Тағамды талғап ішу тән мен жанды сауықтыратын төте жол. Маңызын білсек те мәніне бойлай бермейтін бұл қағида сіз бен бізге ауадай қажет екенін тамыры тарылып, тұла бойы ауырып, түрлі дертке таңылмаған жан қайдан білсін. Тамақтану әдебі туралы талмай айтып келе жатқан Қазақ Тағамтану академиясының президенті, академик, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді ШАРМАНОВПЕН әңгімелесе қалсаңыз, маман айтқан маңызды дүниеге мән беріп, әр күніңізді әсемдер едіңіз. Ғасыр-ғұмырға бет алса да ғылымнан қол үзбеген қайраткерді қазақ қоғамының өткені мен бүгіні, ұлттық тағамтанудың өзекті мәселелері ұдайы толғандырады. Ғылым абызымен болған кезекті әңгімеміз ұлт саулығы, ұрпақ тәрбиесі төңірегінде өрбіді.
Абай • 11 Тамыз, 2022
Абайтануға арналған интеллектуалдық алаң
Абай күнінің құрметіне Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұлы ойшылдың 177 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләйлә Мұсалы Абай мұрасын зерделеу ісіндегі іргелі қадамдар туралы айтып берді.