Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1194 материал табылды

Саясат • 16 Қазан, 2020

Қоғамдық кеңестің қоғамдағы рөлі артады

Қоғамдық кеңестің ауқымын кеңейтіп, қоғамдағы рөлін айқындау – Қазақстан Прези­ден­тінің Жолдауында баса айтылған тақырыптың бірі. Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің өкілдерімен дидарласқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева тақырыпқа тереңірек үңіліп, осы мақсатта туындайтын мәселелерді жүйелі жүзеге асырудың оңтайлы тәсілдері турасында пікір алмасты.

Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Алматыда "Бюджетке қатысу" жобасы қалай жүзеге асып жатыр?

Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі "Бюджетке қатысу" жобасы аясында қала тұрғындарының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан нысандар бойынша баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Қазан, 2020

"Ішектің қабыну аурулары: виртуалды тәжірибе" IV Ұлттық форумы өтті

Өмір бойына жалғасатын аурулары бар пациенттердің SARS-COV-2 жұқтыру қаупі көпшілікті алаңдатады, ал амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттарға қажеттілік жайы бүгінде  өте ауқымды тақырып екені белгілі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 13 Қазан, 2020

Дәуір үнінде дала данышпандары

Евгений Сидоркин – Кеңес дәуірінің көрнекті суретшісі. Қыл­қаламдағы даралығы мен таланты, құш­тарлығы пен рухының күші оны шығармашылығы қазақ бейнелеу өнерінің әлемдік мәдениет шыңына көтерілуіне септігін тигізген танымал классик-шеберлердің қатарына қосты.

Технология • 12 Қазан, 2020

Тұрмыстық техниканың жаңа желісі дезинфекциялаудың тың тәсілін жүзеге асырды

Аталмыш құрылғының өзіндік алғашқы желісі бактериялар мен вирустардың 99%-дан астамын жоятыны анықталған (соның ішінде коронавирусты), деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Еріктілер ағаш екті

Ару Алматыда күзгі ағаш егу науқаны қызып жатыр. Жас пен кәрі жасыл желекке оранған жазира қаланы гүлдендіруге өз еріктерімен үлес қосуда. Басты мақсат – қаланың көркіне сән беретін ағаш қорын арттыру.

Абай • 12 Қазан, 2020

Абай мұрасы – мәңгілік тақырып

Қазақ қоғамы мен ғылымы үшін Абай­дың рухани мұрасының маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Әсіресе хакім ұсын­ған қағидалардың тарих ғылымын дамытуға ықпалы зор. Осылай деген сарапшы ғалымдар Білім және ғы­лым министрлігі Ғылым комитетінің қол­дауымен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйым­дастырған «Қазақстан тарихы Абай­дың рухани мұрасы аясында» атты халық­аралық ғылыми-тәжірибелік кон­фе­ренцияда өз ойларын ортаға салды.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Баспаналы болу – бір бақыт

Миллиондар тоғысқан Алматы – жастардың сүйікті қаласы. Асқақ арманын Алатауға таңып мұнда келетіндердің алдынан кесе-көлденеңдеп шығатын бас ауыртар басты тақырып – баспана мәселесі. Соңғы жылдардың жүзінде жүйелі жүзеге асып жатқан оңтайлы бағдарламалар талайлардың алыстағы арманын жақындатқаны рас.

Қоғам • 09 Қазан, 2020

Алматыда шектеу шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы күшейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемияның екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау үшін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполисте кәсіпкерлік нысандарының және жеке тұлғалардың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 07 Қазан, 2020

Алматыдан Ақтөбеге велосипедпен барады

Алматылық әуесқой велошабандоз Дамир Көшеев велосипедке мініп Ақтөбеге бет алды. 2200 шақырымды шайтанарбамен еңсерем деген ерікті сапар барысында мұқтаж жанұялардан шыққан жеткіншектерге қайырымдылық көмек көрсетуді көздеп отыр.