Білім • 30 Наурыз, 2020
ҚазҰУ-да онлайн оқыту ойдағыдай жүріп жатыр
Қазақстанның Жоғарғы оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып қашықтықтан оқыту жүйесін бастаған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дәрістер, семинарлар мен тәжірибелік сабақтар онлайн режимде өтуде.
Қаржы • 30 Наурыз, 2020
Алматы банктері өз қызметін уақытша тоқтатты
Бүгіннен бастап Алматы қаласындағы екінші деңгейлі банктер өз қызметін уақытша тоқтатты. Бөлімшелер 5 сәуірде қайта ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Алматы: Такси көлігінде жүргізушімен қосқанда екі адамнан артық жолаушы болмауы керек
Алматыда коронавирустың бұдан әрі етек жаймауы үшін барлық салада тәртіп күшейтілгені белгілі. Осы ретте мегаполистегі такси қызметінің жұмысына да бірқатар шектеулер қойылды.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Мамандар: Иттер мен көгершіндердің өліміне дезинфекциялау жұмыстарының қатысы жоқ
Есте болса, бірер күн бұрын әлеуметтік желіде көше бойында өліп жатқан иттер туралы баяндалған бейнежазба тараған еді. Бейнежазбада бұл Алматыдағы әйгілі «Көк базарға» жақын орналасқан Пушкин көшесі екені айтылған. Бұған қатысты кейбір желі қолданушылары видеодағы қаңғыбас иттер қала көшелерін зарарсыздандыру барысында улануы мүмкін деген пікір білдірген.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматылықтар ХҚО-ларға тапсырған құжаттарын қалай алуына болады?
Короновирус індетінің жайылуына жол бермеу мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылғаны белгілі. Осы ретте Алматылық азаматтар дайын болған құжаттарын қалай алуына болады? Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы филиалының өкілдері хабарлады.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматыда қамқоршысы жоқ қариялар ыстық тамақпен қамтылды
Алматы қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету науқаны қарқынды жалғасып жатыр. Аты жаман індет әсіресе қарт адамдар үшін қатерлі болғандықтан, егде азаматтардың мейлінше үйден шықпағаны ләзім. Осыған орай Nur Otan партиясы мен қала әкімдігінің өкілдері еріктілермен бірлесе отырып, мейірімге мұқтаж қарт кісілердің үйлеріне азық-түлік тауарларымен қатар ыстық тамақ апарып берді.
Қаржы • 27 Наурыз, 2020
Алматыда ақша айырбастау орындарының уақыты шектелді
Алматыда ақша айырбастау нүктелері кешкі сағат 16:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақша айырбастау орындарының жұмыс уақыты мегаполисте коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында шектеліп отыр.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Қоғамдық қор мұқтаж жандарға бетперде үлестірді
Жақсылық жасау қоғамға ортақ борыш. Ал қысылтаяң сәтте қысылғанға қолдау таныту тіптен сауапты іс. Осы орайда «Аналарға көмек» және «Алатау аналары» қоғамдық қорлары бірлесіп көпке үлгі болар игі бастаманы қолға алды. Қор қызметкерлері медициналық бетперде тігіп, мұқтаж жандарға үлестіріп келеді.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Әскерилер қаланы зарарсыздандыруға жұмылдырылды
Алматыда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қала көшелерін, ғимараттарды және қоғамдық орындарды зарарсыздандыру жұмыстарына ауқымды үлес қосып отыр. Мегаполисті індеттен арашалау ісіне Алматы гарнизонынан барлығы 2000-ға жуық әскери қызметші тартылған.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Алыпсатарлар адамдықтан аттамаса игі
«Сақтансаң – сақтайды» деген сөз бар. Әркім өзінің жақындарының амандығы үшін жан ұшырады. Ұл-қызының саулығын тілейді. Әдетте 30-40 теңгеге саудаланатын медициналық бетперделердің төрт-бес есеге шарықтап кетуінің себебі неде? Әлбетте бұл – ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, қаржыға қарық болсам деген алыпсатарлардың арзан пиғылы. Ел басына сын сағат төнгенде біреудің қайғысынан пайда іздеген пақырлар «бұл да сауда» дейтін шығар, бәлкім!? Қашанда адам баласын ізгілікке бейілдендіретін асыл дініміз де бұл істі құптамайды.