Қоғам • 30 Қазан, 2019
Импортты шектеп, экспортқа беттеу керек пе?
Жақында қазақстандық автоөндірушілер экспортты күшейтуді мемлекеттік қолдау мәселесі төңірегінде қордаланып қалған түйткілдер туралы алматылық журналистерге айтып берді. Олардың сөзіне қарағанда, импортты шектеп, экспортқа беттесек қана автокөлік индустриясын дамыта аламыз. Мәселенің түйіні мемлекеттің қолдауымен ғана тарқатылады.
Қазақстан • 29 Қазан, 2019
Еліміздің нағыз әлем елшісі - Димаш!
Бүгін таңертең БҰҰ–дағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов кеше әлеуметтік желідегі парақшасында қазақтың Димашын америкалықтардың қалай күтіп алғаны, БҰҰ–ғимаратында болған сәттері туралы бөлісті.
Аймақтар • 29 Қазан, 2019
Алматының аймақтағы рөлі күшейеді
Алматыда Халықаралық валюта қорының Аймақтық техникалық көмек орталығы (RTAK) ашылады. Бұл туралы ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Карла Грассо айтты.
Қазақстан • 28 Қазан, 2019
2019 жылдың 28 қазанында Ұлттық Банк пайыздық дәлізді +/- 1 п.т. деңгейде сақтай отырып, базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл ақпаратты бүгін Ұлттық банктің баспасөз бөлімі таратты.
Аймақтар • 28 Қазан, 2019
«Алматыметроқұрылыстағы» тікетірес дауға ұласты
Бүгін Алматыда «Алматыметроқұрылыс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімов құқық қорғау орындары тарапынан болып жатқан заңсыздықтар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке ашық хат жазатынын мәлімдеді.
Экология • 28 Қазан, 2019
Көктөбедегі көшеттер көктей солды
Алматыдағы Көктөбеге қызғалдақтар мен алма көшеттері отырғызылып, бұл шараға қала әкімі Бақытжан Сағынтаев та қатысқан еді.
Аймақтар • 25 Қазан, 2019
Алматылықтар қала тарихын сақтауға қатысатын болады
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сәулет ескерткіштері құрамына қаланың бірегей ғимараттарын енгізу бойынша алматылықтардың ұсыныстарын жинауды тапсырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Қазан, 2019
«Алтын Орда» маңындағы айналма жол құрылысы тағы шегерілді
Оған мердігер компания мен мұндағы құрылыстың жүргізілуіне кедергі болып тұрған жанар-жағармай бекетінің арасындағы жағдай себеп. Одан бөлек, жобалық-сметалық құжаттарда көрсетілмеген қосымша жұмыстардың шығуы, құрылыс материалдарының қымбаттауы да әсер еткен. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясына сілтемемен Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі хабарлады.
Аймақтар • 24 Қазан, 2019
Биыл Алматыда кәсіпкерлер «Даму» қорынан 5 миллиард теңгеден астам жеңілдетілген несие алған.
Экономика • 23 Қазан, 2019
АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай банк секторындағы активтердің сапасын бағалау (Asset Quality Review) басталғанына үш ай өтті. Ішкі нарық оның қорытындысын күтіп іштен тынып тұр. Алғашқы қорытынды желтоқсан айының соңғы күндеріне дейін белгілі болатынын Үкімет те, Ұлттық банк те айтты. Жуырда осы мәселеге орай өткен дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылар АQR жобасының бізге тым қымбатқа түсетінін жеткізді. Себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұл жоба ішкі нарықта сыр берген банктерді мемлекет тарапынан қосымша қаржыландыру үшін қолданылады екен.