Экономика • 07 Сәуір, 2021
Жылдың басында мұнай қымбаттап, ресейлік рубль нығайған кезде теңге де күшейеді деген болжам жасалған еді. Бірақ ол болжамның «ғұмыры» үш айға да жеткен жоқ, теңге құлдырап кетті.
Экономика • 06 Сәуір, 2021
ЕАЭО-ға жеке тұлғалардың көлік құралдарын уақытша әкелу шарттары ұзартылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тағы бірнеше шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz ЕЭК баспасөз қызметі таратқан деректерге сілтеме жасап.
Әлем • 05 Сәуір, 2021
ЕДБ ЕАЭО мемлекетаралық жобаларын қаржыландыруға дайын
Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Николай Подгузов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz банктің баспасөз қызметі таратқан дерекке сілтеме жасап. Еуразиялық Даму Банкінің (ЕДБ) Басқарма Төрағасы Николай Подгузов бүгін Ташкентте өткен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Өнеркәсіптік саясат кеңесінде сөз сөйлеп, банктің Одақ елдерінің, капиталдың мемлекетаралық бағдарламаларын қаржыландыруға дайын екендігін мәлімдеді.
Әлем • 05 Сәуір, 2021
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін экономиканы тұрақтандыру жайлы ұсынымдар әзірленеді
Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жанындағы Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитеттің XVI отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 04 Сәуір, 2021
«Менің атым Қожа»: авторлар мен кейіпкерлер тағдыры
Қазақ режиссері Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлде ойнаған, жуырда ғана 70 жасқа толғанын тойлаған Нұрлан Санжарды ұзақ уақыттан бері мазалап келе жатқан, бірақ жауабын таба алмаған сауал осы екен. «Бұл кино авторларына да, кейіпкерлеріне де жақсылық алып келмеді» деген пікірді құлағы шалған кезде жылдар бойы мазалап келген сауалға жауап тапқандай болды.
Экономика • 04 Сәуір, 2021
БЖЗҚ: 190 мың инвестор жинағын алды
БЖЗҚ-ның 190 мыңға жуық инвесторы тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу үшін жинақ ақшаларын алып, сенімгерлік басқарушы компанияларға берді, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 04 Сәуір, 2021
Орталық Азия елдері шекарадағы кедендік рәсімдерді жеделдетуі керек
Дүниежүзілік банк сарапшылары инфрақұрылымды жақсарту, шекарадағы кідірістерді азайту және жүк тасымалдау тарифтерін төмендету Орталық Азия экономикасының дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін ескерте бастады. Бұл мәселе «Орталық Азиядағы көлік байланысы: қиындықтар мен перспективалар» конференциясында талқыланды, – деп жазады Egemen.kz. ДБ таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Экономика • 02 Сәуір, 2021
Қазақстандық банктер еуропалық тәсілмен тексеріледі
Отандық екінші деңгейлі банктердің жұмысын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бақылайды. 2021 жылы негізгі басымдықтардың бірі әр банк үшін тәуекелді бағалау болғалы тұр. Бұл туралы Агенттіктің басшысы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 01 Сәуір, 2021
Айтұрған Темірова: Кез келген актер тұлғаны бейнелеуді армандайды
Кезінде Айтұрған Темірованы Батыс журналистері бұрын Кеңес Одағының Джина Лоллобриджидоға теңесе, қазақтар өзіміздің Әлия деп бауырына басты ал бауырлас қырғыз халқы біздің Айтұрған-Әлиямызды қырғыз киносының ханшайымындай алақанына салып отыр. Қырғыз президенті Садыр Жапаров мерейтой иесін арнайы құттықтаса, біздің Мәдениет министріміз Ақтоты Райымқұлованың қазақ халқының атынан білдірген жүрекжарды лебізін Қырғызстандағы Қазақ елшілігінің өкілдері салтанатты жағдайда табыстады. Өткен аптада ғана шығармашылығының жарты ғасырлық мерейтойын тойлаған Айтұрғанмен кездестік. Арадағы әңгіме кино әлемінде қазақ пен қырғыздың еншісі бөлінбеген кездердегі естеліктерімен жалғасты. Ол қазақ тарихына қатысты жаңа жобаларда өзін көргісі келетінін де айтып өтті.
Экономика • 01 Сәуір, 2021
Банктердегі депозитіміз 11 триллион теңгеден асты
Резиденттердің депозиттік мекемелердегі депозиттерінің көлемі 2021 жылғы ақпанның аяғында бір айда 0,6% -ға төмендеп, 22 547,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 4,9% -ға, 11 358,6 млрд теңгеге дейін азайды, жеке тұлғалардың депозиттері 4,3% -ға, 11 188,5 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан деректерге сілтеме жасай отырып жазады.