Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Есірткі жарнамалайтын сайттар бұғатталды
Есірткі бизнесі – есірткі қылмысына жол ашады. Осы орайда Ақтөбеде биылғы жылдың басына бері есірткі қылмысына қатысты 81 дерек тіркелген екен.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Жетпіс отбасыға бір айға жететін азық-түлік алып берді
Ақтөбе қаласында бұдан бес жыл бұрын «Жүректен–жүрекке» атты еріктілер тобы құрылған болатын. Осы топтың мүшелері елдегі төтенше жағдай мен өңірдегі карантиндік режим кезінде мұқтаж жандар мен мүгедектерге көмектесу үшін арнайы штаб құрды. Бұл штабтан көмек сұраушылар қатары күн сайын өсіп келе жатқанын ескерген штаб мүшелері арнайы шот ашып, қарапайым тұрғындарға қайырымдылық көмектерін беру жөнінде ортақ ұйғарым жасады.
Білім • 17 Сәуір, 2020
Бүгінде еліміздегі оқушылар «Балапан» және «Ел арна» телеарналары арқылы берілетін бейнесабақтардан дәріс алып жүргені мәлім. Жас түлектерге биология пәнінен берілетін сабақ жүргізушілер арасында ақтөбелік 10 педагог бар. Олар өңірдегі ең білікті ұстаздардың арасынан таңдалып алынған.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Қаражатты тиімді пайдаланған қобдалықтар
Ел ішінде мемлекет тарапынан төленетін атаулы әлеуметтік көмекті әшейін келген нәрседей көріп, оңды-солды жұмсап жүргендер кездеседі. Бұл – әлеуметтік қолдаудың қадір-қасиетін бағалай білмеудің, отбасы табысын толықтыруға мойны жар бермеудің көрінісі. Мұндай жағдайда олардың кедейшілік шегінен шыға қоюы екіталай.
Руханият • 17 Сәуір, 2020
Ұлттық тағамдар індетке қарсы қабілетті көтереді
Отандық және шетелдік медик-ғалымдардың тұжырымдауынша бүгінгі пандемия жағдайында ағзаның жалпы қорғаныс қабілетін көтере білудің пайдасы өте мол. Дүниені дүрліктірген COVID-19 дерті ең алдымен өз шеңберін адамның тыныс мүшесі – өкпеге салатыны белгілі болып отыр. Коронавирус инфекциясының қатерлі болуының ең басты себебі асқынтып алған жағдайда өкпені мүлдем істен шығаратынында екен. Ендеше ағайындарымыз оны аман сақтаудың қам-қаракетін ойластырса бұдан еш ұтылмайды дер едік.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Қозғалыс кестелері шектелген қоғамдық көліктерде жүргіншілер сығылысып жүр
Биылғы сәуір айының бесінші жұлдызы күні Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері Ақтөбе қаласын карантинге жабу жөнінде қаулы қабылдаған болатын. Осы қабырғалы құжатқа сәйкес қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесіне шектеулер енгізіліп, автобустар қала ішінде жүргіншілерге таңертеңгі 7:00 мен 9:00 және түскі 12:00 мен 14:00, сондай-ақ кешкі кезде 18:00 мен 21:00 аралығында қызмет көрсетеді деген шешім алынған.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Карантин кезінде қызмет көрсетуге жіберген кәсіпорындардың жай-күйі қандай?
Ақтөбе қаласы карантинге жабылса да, халыққа қызмет көрсетуді тоқтатпаған құрылымдар мен мекемелер де бар. «БанкЦентрКредит» пен «Казпочта» АҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалдары солардың қатарында тұр.
Қоғам • 16 Сәуір, 2020
Осал топтарға жан-жақты көмек көрсетілуде
Біз қандай қиын кезеңде де қиналғанға қол үшін соза білген, сүрінгенді демеген, жылағанды жұбатқан халықтың өкіліміз. Елге, ерге де үлкен сын болып COVID-19-дың бет қаратпас дүлей дауылы соғып тұрған сәтте де ата-бабаларамыздан ауысқан осы қасиетіміз бүгінгі қоғам мүшелеріне де сіңісті болғанына көзіміз жетіп отыр. Осы орайда төтенше жағдай кезінде халықтың осал топтарын қолдау мемлекеттің басты міндеті деп мәлімдеген республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі ел-жұртты бір селкітіп тастады.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Бүгінде пандемияның салдары ылаңы мен мұнай бағасының төмендеуі еліміздің экономикасына да теріс әсерін тигізуде. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы орган жетекшілеріне әлеуметтік маңызы жоғары тауарлар мен азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өспеуін және тапшылығы болмауын ұдайы назарда ұстауы қажеттігін шегелеп тапсырғаны белгілі. Президенттің осы тапсырмасын орындау және өңірдегі қаржы-экономикалық жағдайды жүйелі түрде реттеп отыру бағытында Ақтөбе облысында да жедел штаб құрылған-ды. Бұл құрылым аймақтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ықпал ете ала ма?
Экономика • 15 Сәуір, 2020
Ел экономикасын алға тартатын локомативтің бірі
Соңғы жылдары Ақтөбе облысының алға даму қарқыны тұрақты түрде сақталып, экономикалық өсім 5 пайыздық көрсеткішті құрап келеді. Нендей мәселенің де қадір-қасиеті мен артықшылығы, немесе олқы тұстары мен оңды жақтары салыстырмалы түрде айқындалады емес пе?! Осы тұрғыдан келгенде 5 пайыздық экономикалық өсім дегеніміз республикалық орташа деңгейден жоғары, ал өңірлері арасында алдыңғы көрсеткіш екенін айтқанымыз жөн. Осындайда бұдан 3-4 жыл бұрын облысқа келген сапары кезінде Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе –ел экономикасын алға тарта алатын локомативтің бірінің рөлін атқара алады деген сөзі тектен-тек айтылмағанына көз жеткізе түсеміз.