Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
423 материал табылды

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Құжаттары мінсіз, істері өнімсіз

Биылғы жылдың қыс айлары да аяқталып келеді. Қыстың аты -  қыс. Оның бораны мен бұрқасыны, қары мен көктайғағы бір-бірімен алмасып келіп тұрады. Осындай табиғат құбылыстарынан кейін іле-шала тазалау жұмыстары немесе көктайғақтың қатерін жою жөніндегі шаралар жүргізілмесе, тұрғындардың тайып жығылып, аяқ-қолын сындырып алуы әбден мүмкін. Солай болып та жүр. Оның алдын алудың басты бір жолы көшелердегі қарды тиеп, қаланың сыртына тасымалдау және мұздақтың үстіне құм, немесе тұз себу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу болмақ.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Ауыл шаруашылығы: Сиыр бар, сауыншы жоқ

Кешегі кеңестік кезеңде арнаулы және жоғары оқу орындарын бітірген ауыл шаруашылығы мамандары салалық құрылымдарға жолдама бойынша жіберілетін. Сондықтан да социалистік жүйе бойынша құрылған совхоздар мен колхоздар зоотехник-селекционер, ветеринар, агроном, инженер-механик секілді мамандардан аса бір зәрулік көре қоймайтын. Бүгінде сол дәуірдегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін шаруашылықтардың орнында негізінен фермерлер мен шаруа қожалықтары қызмет атқарып жүргені мәлім.

Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Қаржы пирамидасының қармағы

Ақтөбе қаласында жеке бір адам емес, тұтастай компанияның қи­тұр­қы әрекеттерге барғаны мәлім болды. Атап айтқанда «Gold» деп аталған компанияның қос бірдей өкілі – Ресей азаматтары Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 217-бабына сәйкес жауапқа тартылды.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Жол құрылысынан табылған ақау көп

Соңғы жылдары еліміздің барлық өңірлерінде автомобиль жол құрылысы кеңінен қарқын алып келеді. Бұл жөнінде жол-көлік логистикасы орталығына айналу бағытын ұстанып отырған Ақтөбе аймағында да атқарылған іс аз емес.

Руханият • 15 Ақпан, 2020

Ақтөбеде «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» драмасының тұсаукесері өтті

Ақпанның 12-13 күндері Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында жаңа қойылымның премьерасы сахналанды.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Ақтөбеде әмбебап мемлекеттік қызметшілер дайындала бастады

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев мемлекеттік органдар алдына азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру бойынша міндет қойды.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Ақтөбеде «Аналар аманаты» тұрақты көрме сату алаңы ашылды

14 ақпан, жұма күні Ақтөбе қаласындағы «Анаға тағзым» орталығынан «Аналар аманаты»  атты  тұрақты көрме сату алаңы ашылды. 

Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Әдеп нормаларын бұзатындар азайып келеді

Күнделікті өмір мен тұрмыста, қоғамдық орта мен қарым-қатынастар жасау кезінде әдеп нормаларын сақтай білген адамның мерейі қашан да үстем. Ал, мемлекеттік қызметшілерге қатысты алғанда бұл мәселенің салмағы тіптен жоғары деуге болады. Қисық, қыңыр, дөрекі мінез-құлық таныту мемлекеттік қызмет талаптарымен мүлдем сыйыспайды. Бір жақсысы соңғы жылдары Ақтөбе облысындағы жергілікті және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелері мемлекетттік қызметкерлер арасында әдеп нормаларын бұзу көріністері азайып келеді екен.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Жаңа форматтағы мамандар әзірлейді

Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесіне әділ бәсеке негізінде оған әбден лайықты білімді де білікті азаматтардың келуі керек екендігін атап көрсеткені мәлім. Мемлекет басшысының пайымдауынша, кадрлерді іріктеу мен орналастырудың бұдан өзге бағыты болмауға тиіс. Өз кезегінде бұл ұстаным бәсекеге қабілетті, сапалық деңгейі жоғары мамандарды даярлау қажеттілігін туғызады.

Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Қобда ауданында АӘК қаражатын тиімді пайдаланудың оң мысалдары мол

Ел-жұрт ішінде мемлекет тарапынан төленетін атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тегін, әншейін келген нәрседей көріп, оны қалай болса солай, онды-солды жұмсап жүргендер кездесіп қалады. Әлеуметтік-қаржылай қолдаудың қадір-қасиетін бағалай білмеудің, және отбасы табысын толықтыруға мойыны жар бермеудің басты көрінісі осы да. Мұңдай жағдайда олардың кедейшілік шегінен шыға қоюы екіталай.