Аймақтар • 13 Қараша, 2019
Жаңылтпаш жауаптар кімге қажет?
Әділдік іздеп, қабырғаларына қара тастай батып жүрген мәселелерді үлкенді-кішілі мемлекеттік орган басшылардың атына хат түрінде жолдайтын қарапайым азаматтар жеткілікті. Сондай-ақ соңғы кезде облыс әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желі парақшаларына да тұрғындар тарапынан түсетін арыз-шағымдар жиілей түскені байқалады. Қандай мазмұнда болса да мұны оң құбылыс деп бағалауға болады. Өйткені өкілетті және атқарушы орган жетекшілеріне жолданған әрбір хаттың арғы астарында үлкен сенім мен үміт тұрғаны талассыз. Бұл екеуі ақталмаса, осы сенім мен үмітке селкеу түспесіне кім кепіл?
Аймақтар • 12 Қараша, 2019
Тарих қойнауына әлдеқашан еніп кеткен XX ғасырда жетпіс жылдан астам билік құрған коммунистік партияның саясаты ешкімді еркелетпегені, ешкімді маңдайынан сипамағаны және жалған дүниені ешкімге жалпағынан бастырмағаны белгілі. Дегенмен осындай орта мен күрделі қоғамдық құрылыста өз дәуіріне адал қызмет ете білген перзенттер мол болғаны да сол кезеңнің шындығы.
Экономика • 08 Қараша, 2019
Субсидия төлеу ісі созылмаса екен
Бүгінде мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдауға ең алдыңғы кезекте өңірдегі мал өсірумен айналысатын агроқұрылымдар зәру. Осы мақсатта берілетін субсидиялық қаражаттың уақытында төленбеуі облыстағы бірқатар шаруа қожалықтарының дамуына кедергі келтіріп отыр.
• 07 Қараша, 2019
Қар тұтқынында қалғандар құтқарылды
Ақтөбе аймағында қазан айының соңына дейін бір қалыпта тұрған ауа райы қарашаның басында нілдей бұзылды. Облыс орталығынан шалғай орналасқан Ырғыз ауданы аумағын, Самара – Шымкент халықаралық жол дәлізінің тұсында қоныс тепкен Қалыбай ауылының маңын ұзақ уақыт жапалақтап жауған қалың қар басып қалды.
Қазақстан • 07 Қараша, 2019
Ақтөбе мегаполистердің қатарына қосыла ала ма?
Ақтөбе еліміздегі төртінші мегаполиске айналатыны туралы әңгіме жиі айтылады. Қолда бар деректерге сүйенсек, қазір Ақтөбе мен Қарағанды қаласы халқының саны деңгейлес, жарты миллионның о жақ, бұ жағында. Ақтөбенің болашақта мегополис қала мәртебесіне ие болуға қаншалықты мүмкіндігі бар? Соған жауап іздеп көрейік.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Ақтөбеде «Жасыл ел» жасақтарының еңбек маусымы қорытындыланды
Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымының жабылуы салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелі жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Оңдасын Оразалин шараны ресми түрде ғана өткізіп қоймай, жастарды өткенге ой салуға, артық-кемімізді саралап, осы бағыттағы жұмысты дамытуға ақыл қосуға шақырды.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Субсидия төлеу ісі созыла бере ме?
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдауға ең бірінші кезекте өңірдегі мал өсірумен айналысатын агроқұрылымдар зәру екені айқын байқалады. Соның ең басты көрінісі осы мақсатта берілетін субсидиялық қаражаттың уақытында төленбеуі. Сондықтан облыстағы бірқатар шаруақожалықтардың иелері көптеген кедергілерге кезігуде.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Ақтөбе қаламгерлерінің елу томдық жинағы түгенделді
Ақтөбе топырағы қай кезде де таланттарға кенде болып көрген емес. Кешегі тарлан таланттар Тахауи Ахтанов, Тобық Жармағамбетов, Сағи Жиенбаевтар салған іздің сүрлеуі көмескі тартпай кейінгі буын қаламгерлер қатары жылдан жылға көбейіп келеді.
Аймақтар • 04 Қараша, 2019
«Ел үміті» жобасы дарынды жастарға қолдау көрсетеді
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ақтөбе облысына ат басын тіреді.
Аймақтар • 30 Қазан, 2019
Мақсат – азық-түлік бағасын тұрақтандыру
Еліміздің қай өңірінде болсын күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өсетін болса, бұл жағдай тұрғындардың наразылығын туғызуы әбден мүмкін. Мұның алдын алу үшін Ақтөбе өңірінде бірқатар кешенді шаралар белгіленді. Бұл іске облыстағы қоғамдық кеңестің мүшелері белсене қатысып жүргенін де айта кетелік.