Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Түркістан: Өзбек этномәдени бірлестігінен 10 млн теңгенің көмегі келді

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, кәсіпкер Бахадыр Ирисметов басқаратын Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігі мақтааралдықтарға азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар, гигиеналық құралдар, жиһаздар тиелген гуманитарлық көмек жеткізді. Көмек керуендегі мүліктің жалпы құны - 9 млн 862 мың теңге.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Төлеби ауданында бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша 105 жоба іске асырылуда

Түркістан облысы Төлеби ауданының өнеркәсіп саласында жүзеге асырыла бастаған ірі жобалардың бірі - «Ленгір машина жасау зауыты». Жалпы өндірістік аумағы 13 мың шаршы метрден асатын кәсіпорында толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс, темір өнімдері мен бөлшектеріне маманданған зауыт тапсырыс болған жағдайда поезд вагондары мен бөлшектерінде жасап шығара алады. Жобаға 3-3,5 млрд теңге  инвестиция тартылмақ.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтааралдықтарға 500 ерікті көмектесуде

Мақтаарал ауданындағы тасқын су салдарынан қиын жағдайда қалған ауыл азаматтарына көмектесу және төтенше жағдайдан келген зардаптарды жою жұмыстарына жалпы 500-дей ерікті атсалысуда. Оның 150-ге жуығы тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Түркістан: Егістікке 4 млрд 1 млн теңге көлемінде шығын келтірілген

Мақтаарал ауданында тасқын су салдарынан 11 елді мекеннің егістіктері зақымданған. Жалпы мыңнан астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілер тізімі жасақталып, 7639 гектар егістіктің шығыны 4 млрд 1 млн теңге көлемінде есептелген. Ал мал шығыны 297-ні құрады. Барлық шығындар есептеліп, Үкіметке ұсынылған.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Өзбекстан Түркістан облысына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға ниетті

Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі екіжақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Түркістан: Соғыс ардагеріне пәтер кілті табыс етілді

Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагері Рысмет Жұмағұловқа Төле би ауданының орталығы Ленгір қаласының 1 мөлтек ауданынан 2 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Түркістан: Мырзакент ауылынан 500 тұрғын үй салуға 50 гектар жер белгіленді

Мақтаарал ауданында Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдары толықтай көшіріледі, ол үшін Мырзакент ауылынан 500 тұрғын үй салуға 50 гектар жер белгіленген. Бұл жөнінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Түркістан: 100-ге жуық көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Түркістан қаласында бүгінде 5, 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйлер салынуда. Еліміздегі төтенше жағдай мен карантин режимі талаптары сақтала отырып, қаланың құрылыс жұмыстары бәсеңдеген емес. Кестеге сай жүргізілуде. Дегенмен, жұмысшы күшінде әлі де тапшылық бар.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Түркістан: Су басқан ауылдардан 1 млн текшеметр су сорылды

Мақтаарал ауданының су басқан Нұрлыжол, Ырысты, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарынан 1 млн текшеметр су сорылды. Сондай-ақ ауылдарда жалпы ұзындығы 21 шақырымдық уақытша дамбылар тұрғызылды. Суды ағызу үшін 3 коллектор орнатылған.

Қазақстан • 07 Мамыр, 2020

Алишер Усманов мақтааралдықтарға 5 млн доллардан астам қаржы аударды

Әлішер Усманов мақтааралдықтарға 5 млн АҚШ долларынан астам ақша аударды. Бұл туралы Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы Ақпараттық талдау орталығы директорының орынбасары Айдар Сейдазым Facebook парақшасында жариялады.